15:08, 19 Ақпан 2024
"Жүрегімді тексеріп жатыр": тіл жанашыры Асылы Осман ауруханаға түсті
Танымал қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
"Коронавирус емес шығар. 2-3 күн үйде жөтеліп жатқан едім. Дәрігерлерім "короновирус өршіп жатыр, ауруханаға жатқызайық" деп қоймады. Қазір жақсымын, жөтелуді де қойдым. Бірақ түнде ұйықтай алмадым. Дәрігерлер жүрегімді тексеріп жатыр. Ем-домын қабылдап жатырмын. "Орталық клиникалық ауруханадамын", мұнда бәрі таза, жақсы. Бұйырса бейсенбі не жұма үйге шығатын шығармын, - деді ол Massaget.kz тілшісіне.