"Әкімнің үйі жылы ма екен", қарағандылықтар қалтырап отыр

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

07.01.2021, 16:18

2621

Арқада  апта басынан бері сақылдаған сары аяз қаhарына мініп тұр. Оның үстіне, үйдің жылуы оңбай тұр. Кеншілер шахарының тұрғындары пәтерлерінде қалтырап  тоңып отыр. Сырқаты сыр беріп, күркілдеп жөтеліп, ыстығы көтеріліп, көрпе-жастықтан бас алмай жатқан жандар көбейді.

Әлеуметтік желіде жұрттың шағымы желдей есіп жүр. Солардың бір сарынын сөйлетуді жөн көрдік: Оңтүстік  ықшамауданы,  Сатыбалдина көшесінің тұрғыны Арайлым Еркебаева, «Облыс  әкімі мен қала әкімінің үйі жылы ма екен...  барып көрсе шіркін» деген жазба  қалдырса, қала тұрғыны Мүсіреп Әлімжанов «Олардың үйлері жұрттан бөлек, автономды шығар!» деп кекеп өткен. «Восток-5» ықшамауданында тұратын  Диана Мұқанова, көп қабатты үйдегі осындай суықты 1999-жылы соңғы рет сезінгенін еске алған. Желідегі келесі белсенді  Жанайдар   Майкен, Майқұдықтағы таныстарының  үйлері де  азынап кеткенін,  далан да, үйден де  пана кеткенін айтып кейінген.  Сапасыз коммуналдық қызмет түріне  қатысты елдің шағымы үдегенмен,  жергілікті атқарушы билік өкілдері «мәу»  деп тіл қатпай отыр. Жылу сапасына жауапты мамандар жұрттың жылуға жарымай отыруын қарақшылық әрекеттің салдары деген сылтау айтады.

— Облыс орталығындағы жылу құбырларының ұзындығы 800 шақырымға жетеді. Құбырдың сыртындағы  темірбетондарды  қарақшылар  қымқырып әкеткен. Соның салдарынан, жылу далаға кетіп жатыр.  Қалған 100 шақырымы  бұрыннан қапталмаған, суыққа ұрынып жалаңаштанып тұр. Жоспар бойынша, алдағы көктемде 76 шақырым жылу құбырын заманауи материалмен қаптауды көздеп отырмыз-деді, жылу тасымалдайтын компанияның техникалық  директоры Сергей Викторов.  

Қыс енді басталды. Қарағандылықтар қанша ай  аяздың құрсауында қалары беймәлім. Билік қамсыз отыра берсе, көктемге дейін ұласуы бек мүмкін.

Тегтер: әкім жергілікті басқару тұрғындар халық жүйе жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.05.2022, 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.05.2022, 22:59
Қайырымдылыққа зәру бала көп
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 26.05.2022, 22:55
Сот жүйесінің өзгерісі халық көңілінен шығуда
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47