Алаяқ қыз жәбірленушілерді «WhatsApp» арқылы алдаған

Сайт әкімшілігі

28.10.2021, 09:18

486

Түркістан облысында полиция тұрғындарды «құмар ойын арқылы ақшаңды көбейтіп беремін» деп  алдап, 8 000 000 шығын келтірген жас қызды анықтады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мақтаарал аудандық Полиция бөліміне Шардара ауданының тұрғынынан арыз келіп түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азаматша «ақша берсең, құмар ойын арқылы көбейтіп беремін» деп алдаған. Күдікті жәбірленушіден 1 000 000  теңгеден астам ақша алған. Алайда арада біршама уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған. Содан алаяққа алданғанын түсінген тұрғын полицейлердің көмегіне жүгінген.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жәбірленушінің ақша салып жіберген банктегі есеп-шоты арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Тәртіп сақшыларының жедел әрекеті нәтижесінде, алаяқ әйелдің жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, Полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті жас қыз осындай сылтаумен тағы 19 тұрғынан 50 000-800 000 теңге аралығында ақша алып отырған. Осылайша жәбірленушілерге  жалпы көлемі 8 000 000 теңгеге жуық шығын келтірген.

Тегтер: оқиға қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17