Ана мен үш баланың өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Мариям МАҚСАТ

11.11.2020, 08:23

757

Осы аптада күллі Павлодар жұртшылығын есеңгіреткен жантүршігерлік оқиға орын алды. Облыс орталығындағы Айманов көшесі, 2 мекенжайындағы бес қабатты үйдің пәтерінен келіншек пен оның үш, бес және жеті жасар баласының мүрделері табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар.

«Отағасы үйге келген есік ішкі жағынан құлыптаулы болып, пәтерге кіре алмаған. Көршілерден есікті кесетін құралды алып, ішке кіргенде әйелі мен балаларын өлі күйде тапқан. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, отбасы бұл үйге қыркүйек айында ғана көшіп келген. Ерлі-зайыптылар бірге тұрған, балалары ортақ некеден туған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жұмыс жүргізілуде.

Көршілердің айтуына қарағанда бұған дейін отбасының қандай да бір оғаш қылықтары байқалмаған.

«Олар осы жақтан емес. Үш баласы болды. Әйел жас, сүйкімді еді. Ол балаларын Ертіске апаратын, үнемі қорғап жүретін. Балалар әрқашан таза, ұқыпты киінетін. Олар туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Біз барлығымыз есеңгіреп қалдық», – дейді көршілерінің бірі.

Қайтыс болған келіншекпен жақын араласқан көршісі оның ақжарқын, үнемі жайдары жүретінін еске алды.

«Ол өте мейірімді және балаларын шексіз жақсы көретін ана еді. Балалардыі ойын алаңында жиі кездесіп, әңгіме дүкен құратынбыз. Ашық, шынайы болуымен бірден баурап алады. Соңғы рет біз демалыс күні көрістік. Ол кезде де көңілінің жабырқау екенін байқамаппын. Үнемі ақыл айтып, кеңесімен бөлісіп жүретін. Ол үй шаруашылығымен айналысты, күйеуі жұмыс істеді», — дейді құрбысы.

Әуелде полиция қызметкерлері қылмыстық істі «Екі және одан да кқп адамды өлтіру» бабы бойынша бастаған болатын. Кейін іс «баланы өлтіру» бабына ауыстырылды. Қандыкөл қаскөйлер табылса, 20 жылға бас бостандығынан айырылады не өмірінің соңына дейін темір тордың арғы жағына тоғытылады.

Тегтер: зорлық зомбылық қылмыс оқиға

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Павлодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.11.2020, 12:59
13 жастағы жасөспірім жоғарғы қабаттан құлады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56