AR-shymkent– виртуалды жобасы қолға алынды

Сайт әкімшілігі

25.08.2020, 12:39

452

Шымкент қаласында AR-shymkent– виртуалды жобасы қолға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаның мақсаты — туризм саласын цифрландыра отырып, идеологиялық, ақпараттық-танымды  дәстүрлі жарнамалық  шығындарды азайту, заманауи технологияларды қолданудың кері байланыстағы рөлін насихаттау болып табылады.

AR-shymkent QR-кодының көмегімен туристер өз смартфондарына Шымкенттегі тарихи ескерткіштердің тарихы, жай-күйі туралы ақпарат ала алады. Яғни AR-shymkent  аудио, видео, фотоақпараттарды интерактивті нысанда және 3D нысанда көруге мүмкіндік береді.

Қалалық цифрландыру басқармасы мамандарының айтуынша, жобада екі виртуалды ақпараттандырушы қызмет көрсетеді. Біріншісі — қаланың географиялық жағдайы туралы жол көрсетуші виртуалды гид болса, екіншісі — сол нысанның немесе тұлғаның (ескерткіштің) тарихын немесе  өмірбаянын  айтатын видеобаяндамашы.

Қаладағы 103 қоғамдық орында QR-коды бар 830 арнайы белгі орнатылады. Атап  айтқанда кинотеатрлар, сауда үйлері, саябақтар, автобустар, қонақ үйлер мен қоғамдық орындар таңдалған.

Қазіргі таңда жобаны іске қосушы компаниямен келісімшартқа сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 27.05.2023, 19:33
Алматыда ішімдікке тәуелділердің саны 7,5%-ға азайған
Сайт әкімшілігі 27.05.2023, 10:45
Алматыда "Халық заңгері" кең ауқымды акциясы өтті
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 17:00
Оңтүстіктегі диқандар су тапшылығын тартып отыр
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 16:00
Оралдағы тергеу изоляторы құрылысын аяқтауға тағы 6 миллиард теңге қажет
Б.СӘРСЕНБІ 25.05.2023, 16:30
Шіркеймен күрес тамызға дейін жалғасады
Еркежан АРЫН 25.05.2023, 09:00
Алматы жастары арасында суицидтің алдын алу жұмыстарының маңызы

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31