Ауыл шаруашылығы мен өндірісі өркендеген өңір

Нұрболат ӘЛДИБЕК

18.12.2020, 15:22

166

Мойынқұм ауданы ауыл шаруашылығымен бірге кейінгі жылдары өндірісті өлкеге де айналып барады. Ауданда алтын, барит, көмір, цемент, гранит, мрамор тастар өндіріліп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі құрылыс жұмыстарына пайдаланылуда. Ұланбелдің қызыл тақта тастары да кәдеге асып тұр.

Мойынқұм жайында аудан әкімі Мәден Мұсаев ақтарыла айтты:

«Біз өз ауданымыздың түлегі, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған, «Халық Қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековті әркез мақтан етеміз. Оның ақындығы, ерлік істері қашанда жастарға үлгі. Аудан орталығында және оның туған ауылы Бірлікте ескерткіштері бар, өзі оқыған С.М.Киров мектебіне есімі берілді. Аудан орталығындағы Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейде Қайратқа арналып арнайы бұрыш ашылса, Қ.Рысқұлбеков атындағы мектепте музейі жұмыс істейді.

1985 жылдан бері қарай ауданды басқарған Қапан Рахымбердиев, Нілзия Рақышева, Мұрат Сейдалиев, Бағлан Қарашолақов, Болат Бейімбетов, Кәрім Көкірекбаев, Оңдасын Жиенқұлов, Төлеухан Оспанбеков, Мәден Мұсаев, Болат Рысмендиев, Сәкен Арубаев, Болатбек Мәдікенов, Бақытжан Нүркеновтерде ауданның өсіп-өркендеуі, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына өздерінің айтарлықтай үлестерін қосты. Ең бастысы олар ауданда еңбек өнімділігін арттыра отырып, елдің бірлігін сақтады, мәдениетін қалыптастырды. Мұндай жақсы үрдіс бүгінде жалғасын тауып, ауданымыз облыс көлемінде көптеген көрсеткіштер бойынша  алдыңғы орындардан көрініп келеді.

Аудандағы 16 ауыл, ауылдық округтерде 32 мыңнан аса халық тұрады. Аудан халқы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдаулары, мемлекеттік бағдарламаларды орындауда ұйымшылдық танытуда. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданға 1 млрд. 387 миллион теңге бөлінді. Аталған қаржыға ауданның 55 жылдығына орай 55 жоба қолға алынған. Олардың қатарында аурухана, мектептерді ағымдағы, күрделі жөндеулерден өткізу, шағын спорт алаңшаларын соғу, жолдарды жөндеу, тозған су құбырларын ауыстыру, цемент астаулар орнату арқылы Мойынқұм ауылындағы шеткі көшелерге су жеткізу, каналдарды тазалау, аудан орталығындағы орталық алаңды қайта жаңғырту тәрізді құрылыс жұмыстары бар.  Бүгінде бұл жұмыстар түгелдей сапалы аяқталып, халықтың игілігіне берілді. Аталған жұмыстарға ауданның ауылдарынан жүздеген жұмыссыздар жұмысқа тартылды»,- дейді М.Мұсаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.04.2021, 14:05
Маңғыстау тас жолында әскери ұшақтар: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді
Сайт әкімшілігі 09.04.2021, 12:55
Алматы облысында карантин күшейді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 09.04.2021, 11:44
Әйтеновтің «А» сценарийі
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09.04.2021, 09:03
Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 13:50
Нұр-Сұлтанның бас санитары Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 08.04.2021, 13:05
Бас санитарлық дәрігерді сотқа берді

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19