Бағдары анық білім ордасы

Миуа БАЙНАЗАРОВА

19.05.2021, 17:07

57

 Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі ең бірінші мақсат бәсекеге қабілетті маман даярлау болып табылады. Жыл сайынғы жолдауларда да білім беруге басымдық беріліп, жастардың біліктілігін арттыру мақсатында барлық жағдай жасалынып келеді. Сондай-ақ жастардың білім алуы үшін еш кедергі болмау үшін жоғары оқу орындарымен қатар, сапалы білім беретін колледждер саны да жыл санап артып келеді. Осыған орай, еңбек нарығы мен заман талабына сай білім беріп жатқан колледждердің бірі деп Шиелі индустриалды-аграрлық колледжін мақтанышпен айта аламыз.

    Бастапқыда Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі 1958 жылы Бәйкеқұм қыстағында аудан ұжымдары мен мекемелеріне ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын №97 селолық кәсіптік-техникалық училище болып құрылған болатын. Оқу орнының директоры болып Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрмахан Қасымов тағайындалып, училищеге қызығы мол ұстаздық қызметке білікті мамандар қабылданды. 1980 жылы Шиелі кентіндегі жаңа ғимаратқа көшіріліп, білім беру аясы кеңейтіліп, 60 жылдан бері мамандарды даярлап келеді. Замана ағымына ілесіп жастармен қоса, оқу орны да түледі. Әсіресе колледжде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алып, тәрбие беру саласында озық тәжірибелер мен жаңа технологияларды енгізу, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелер тарату  бағытын ұстану мақсатында көптеген жұмыстар жүргізу арқылы болашақ мамандарды жоғары деңгейдегі білім сапасымен қамтамасыз етуде. Колледжде түрлі форматта жастармен кездесулер, тәрбие сағаттары, танымдық сабақтар, дөңгелек үстелдер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында дін өкілдері мен орталық мешіт имамдарымен, аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты теолог мамандармен кездесулер жоспарға сәйкес үздіксіз жүргізіліп отырады.

   Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің тағы бір ерекшелігі – білім алушылардың ата-аналарымен байланыс үзілмейді. Ата-аналарға білім алушылардың қоғамдық орындардағы тәртібі, түнгі мезгілде көшеде жүрмеуі, жалпы, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары ата-аналар чатына жадынамалар арқылы жіберіліп, түсіндіріледі екен. Сонымен қатар ата-аналармен онлайн  режиміндегі әңгімелесулер жүргізіле отырып, жазғы маусым уақытындағы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін ескеру қажеттілігі және оған қосымша заңдылыққа сәйкес, ата-ана құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп отырады. Міне, осындай игі іс-шаралардың арқасында білім алушы болашақ мамандар көптеген жауапкершілікті сезіне алады емес пе?!

  Білім беру ұйымының тағы бір игі ісіне тоқталып өтсек, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өңіріміздегі ұмыт болған тұлғалар, ата-бабамыздан қалған мәдени мұраларды, көне ескерткіштерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту және білім алушыларымызға насихаттау мақсатында «Руханият» тарихи өлкетану кабинеті ашылып, колледж кітапханашысы, тарих пәні мұғалімдерінің жетекшілік етуімен төрт жұмысшы тобы құрылған. Білім алушылардан құрылған жұмысшы тобы жоспар бойынша әлі күнге дейін өз жұмыстарын атқарып келеді. Мәселен, кестеге сәйкес, тарихы тереңде жатқан Бала би ауылында жұмысын жалғастырған топтың іздестіру нәтижесі жеміссіз болмады. Сол ауылдың өткенінен хабары мол ауыл тұрғыны  Сәбит Досымұлын іздеп тауып қана қоймай, талай ғасырды артқа тастап, сырын ішке бүккен «сиқырлы құмыраны» ұстап көруге мүмкіндік алды. Осы арқылы білім алушылардың өңіріміздің тарихына деген қызығушылықтарының оянуына сеп болды.

  Ал білім беру ұйымының жетістіктеріне келетін болсақ, өткен жылы  WorldSkills Kazakhstan – 2020 ұлттық чемпионатының  аймақтық кезеңіне 16 құзырет бойынша 79 білім алушы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып сайысқа түсіп, колледжден «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі, «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» құзыреттілігі, «Аспаз ісі» құзыреттіліктері бойынша бірнеше студент жүлделі орындарға ие болып, колледж мәртебесін биіктете түскен. Колледж қызметкерлері үшін ең үлкен жетістік студент Дамир Мұратұлының жетістігі екен.  Дамир Баянбаев 17 қараша ­- Халықаралық студенттер күніне орай, Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттер арасында қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысушы, жан-жақты, шығармашыл, көшбасшы, білімді, талантты студенттерді насихаттау мақсатында өткізілген «Үздік студент – 2020» облыстық байқауында жеңімпаз атанып, бас жүлдеге ие болған еді.

   Білім беру ұйымының қайырымдылық жасаудағы игі істеріне келсек, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі әлеуметтік маңызы бар жобалар мен қайырымдылық жобаларды өткізіп, қоғамдық маңызы бар шараларға демеушілік жасаудан алдыңғы қатарда келеді. Осындай игі шараларды жасау арқылы биыл «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен марапатталды. Осыдан-ақ білім беру ұйымының жастарды түзу жолдан тайдырмай, тек жақсылық жасауға баулып, тәрбиелеп жатқаны аңғарылады. «Жақсының жақсылығын айт — нұры тасысын» демекші, білім беру ұйымының пандемия кезінде жасаған жақсылықтарына тоқталсақ, елімізде белең алған ауыр жағдайға қарамастан, колледж қызметкерлері заңдылық шеңберінде, карантин режимінің талаптарын сақтай отырып өз жұмысын жалғастырды. Сонымен қатар колледж басшысының ұйымдастыруымен  колледжде   жұмыс  атқарып жүрген  қызметкерлердің денсаулығын сақтап қалу мақсатында арнайы бие алынып,   саумалмен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ аудан халқының денсаулығын сақтау мақсатында колледждің тігінші қыздары  уақытпен санаспай, аудандағы мекемелерге тапсырыспен бетперделер тігіп, жасаған жұмыстары үдеден шыға білді. Ал осы қатарда колледждегі тұлдыр жетім  білім алушыларға тегін бетперделер таратылған.

 Тағы бір айта кететін жайт, пандемиямен сырқаттанып, қатынаста болған азаматтар анықталып, оқшауландырған тұста колледж  жатақханасына 100-ден аса  оқшауландырылған азаматқа колледж басшысы Мейрамхан Дүйсенов жемістер мен сүт өнімдерін таратып, демеушілік жасап бір ерледі.

 Әрдайым өзінің қызметкерлері мен білім алушылардың жағдайын басты орынға қоятын колледж басшысы тағы бір игі шараны бастап отыр. Яғни колледж қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру мақсатында Мейрамхан Дүйсенов Шиелі ауданы әкімдігімен тығыз байланыс орнатып, инженерлік  жүйеге  келтірілген  суармалы егістік жерден  жер алған болатын. Қазіргі таңда ол жерге көкөністер егіліп, баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Міне, осындай  жақсылықты көріп, ойына түйіп өскен жастардан  келешекте ел үшін адал қызмет етер маман шығарына сеніміміз мол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29