Байзақта 180 орындық мәдениет үйі ашылды

Сайт әкімшілігі

15.12.2020, 18:50

1082

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Байзақ ауданы Бурыл ауылынан 180 орындық мәдениет үйі ашылды. Бұл салтанатты сәтті байзақтық мәдениет саласының қызметкерлері ғана емес, ауыл жастары, тұрғындар көптен күткен еді. Ауыл тұрғындары енді дарынды жастар, өнерпаз өрендердің бас қосатын, талантын шыңдайтын орыны бар деп қуаныштарын жеткізді.

Көпшіліктің көптен күткен осынау қуанышы биыл жүзеге асып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпұлтты Бурыл ауылдық округінен осынау заманауи мәдениет үйі салынып отыр. Негізінде, биыл Бурыл ауылдық округіне үш миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, нәтижесінде бірқатар әлеуметтік нысандар салынды. Олардың қатарында, осы Мәдениет үйімен қатар пайдалануға берілген дене шынықтыру және сауықтыру кешені бар.

«Енді, бұл мәдениет үйі Сіздердің рухани және эстетикалық талаптарыңызды қанағаттандырады деп сенеміз. Осы жерден небір майталман өнер иелері қанат қағып шығады деген ойдамын. Барлықтарыңыздың қуаныштарыңыз құтты болсын, — деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев.

Еңбек ардагері Лесбек Бұзаубақов: «Біздер осындай мәдениет үйіне қол жеткізгенімізге ризамыз. Көп ұлттың өкілдері тұратын ауылымызда алдағы уақытта небір шығармашылық іс-шаралар өткізетін орынға айналсын» — деген тілегін арнаса, мердігер «Жаңатас Құрылыс Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Болатбек Үсенбаев барша бурылдықтарды мәдениет үйінің ашылуымен құттықтады.

Келесі кезекте ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, лента қию рәсімі орындалған соң, құшағынан аналық мейірім аңқыған әжелер мәз-мейрам болып, шашу шашты. Олар  аудан басшылығына алғыстарын айтып, мерекелік даталарды атап өтетін, ән тыңдап жан сергітер шаңырақтың ашылғанына қуанышты екендіктерін жеткізді. Осынау 180 орындық Мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі байзақтық өнерпаздардың әнімен әрленді.

Осы орайда айта кетерлігі, жалпы сметалық құны 161 миллион 501 мың теңгеге бағаланған құрылысқа бөлінген жер телімі 0,7 гектарды, ғимараттың ауданы 419,41 шаршы метрді құрайды. Мердігер тоғыз айға жоспарланған құрылысты мерзімінен бұрын пайдалануға беріп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58