Баспаналы болудың шарттары түсіндірілді

Сайт әкімшілігі

27.11.2020, 17:32

174

Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кеңесшілері Оразалы Әбдуманап, Гүлнұр Жулдиева тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы аналармен кездесті. Ондағы басты мақсат – тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан ұсынылған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсіндіру. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Банк өкілдері кезекпен үй алу үшін кемінде 7 жыл күту қажет екенін, жылдам үй алу үшін ипотекалық түрлі бағдарламалар бар екенін баяндады. Мәселен, «Бақытты отбасы», «Өз үйім», «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй алғысы келген азаматтарға бағдарлама шарттары түсіндірілді.

Атап айтқанда, «Өз үйім» – жаңа үйден пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін жеке бағдарламасы, «Бақытты отбасы» – табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін несие беру бағдарламасы, салымшыларға нарықтағыдан төмен бағамен жаңа пәтер мен жер үйді сатып алуға мүмкіндік беретін «Нұрлы жер» бағдарламасының шарттары жөнінде толық мағлұмат берілді.

Кездесуге қатысқан 18 ана өз сұрақтарына жан-жақты жауап алды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32