«Бастау бизнес» аясында тағы 3 423 грант беріледі

Сайт әкімшілігі

29.09.2020, 07:59

154

Биыл Шымкент қаласында өз кәсібін бастаушыларға «Бастау бизнес» жобасы аясында 1 491 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 1 420 адамға грант берілген. Оның 901-і аз қамтылған отбасылардың мүшелері. Ал, 90-ы көпбалалы аналар. Тағы 306 адам аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері.

1 қыркүйектен бастап мемлекеттік грант саны көбейді. Қосымша 3 423 адамға мемлекеттік грант үйлестіруге қаржы қарастырылған.

Аталған 3 423 орынға аз уақыт ішінде 7 мыңға жуық қала тұрғыны құжат өткізді. Олардың құжаттары комиссияның қарауына ұсынылған. Мәселен, биыл 1-2 қыркүйек күндері өткен комиссия отырысында 1 022 адамның өтініші бойынша оң шешім қабылданып, оларға мемлекеттік грант тағайындалды. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін 500 үміткерге грант қаржысы аударылып үлгерген.

Айта кетейік, «Бастау бизнес» жобасы — нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда. Жоба аясында өз бизнесін бастағысы келетін азаматтар кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылады. Пандемияға байланысты биыл оқу онлайн режимде өтуде. Оқу мерзімі — 21 күн. Қатысушы оқуын тәмамдаған соң арнайы тест тапсырады. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, оған оқуды бітіргені туралы сертификат беріледі.

Сол сертификатты алған адамның грантқа үміткер атануға құқығы бар. Грант қайтарымсыз беріледі. Бірақ мониторингтік топ грант қаржысының мақсатты жұмсалуын тексеріп отырады. Яғни, бұл өз кәсібін бастаушы азаматтарға берілген бірегей мүмкіндік. Осы орайда биылдан бастап аз қамтылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың мүшелері, қоныс аударушылар мен қандастар «Бастау бизнес» жобасының сертификатынсыз да грантқа тікелей үміткер бола алатынын айта кеткен жөн.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 09:28
Төтенше жағдай: "АрселорМиттал Теміртау" цехында шатыр опырылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.01.2021, 17:30
Қарағанды облысында карантин күшейеді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.01.2021, 17:00
Семейді қыстан сақтауға "қолы қойылмаған" Сақтағанов келді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 21.01.2021, 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?

Аңдатпа


  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32