Бөрлілік ҰОС ардагері биыл пәтер алады

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

19.05.2021, 13:21

1824

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында көзі тірі жалғыз соғыс ардагері тұрады. 1943 жылы майданға алынған Михаил Шепель әуе-десант әскері сапында Украина мен Венгрияны жаудан азат етуге қатысқан. Бейбіт өмірге оралғасын орман шаруашылығында есепші болған.

95 жастағы соғыс ардагері өткен жылдың наурыз айында аудан орталығы  Ақсай қаласынан пәтер сұраған. Заң бойынша оған құқылы. Тиісті органдар ардагерге ХҚКО арқылы пәтер алуға кезекке тұру тәртібін, қандай құжаттар жинау керектігін толық түсіндірген. Сөйтіп, М.Шепель 2020 жылдың наурыз айында пәтер кезегіне қойылған. Михаил Ивановичтің ұлы Александрдың айтуынша, аудан әкімдігі жаңа пәтерді 2021 жылғы Жеңіс мерекесінде береміз деп уәде еткен.

— Бірақ әкімдік сөзінде тұрмады. 9 мамырда үйімізге біраз мекеме-ұйымдардан құттықтаушылар келді. Теледидар сыйлады, концерт берді. Алайда пәтер туралы ешкім жақ ашпады. Сосын, қызым аудан әкімінің сайтына хат жазып, уәде қашан орындалатынын сұрады. Оған берілген жауапта 7 мамыр күні Ақсай қаласында пайдалануға берілген 126 пәтерлік үйдің Отбасы банкі салымшыларына тиесілі екені айтылыпты. Әкемізге пәтер 2021 жылдың үшінші тоқсанында құрылысы бітетін тоғыз қабатты коммуналдық үйден берілетіні көрсетіліпті. Жасы ұлғайған адамды бұлайша әуре-сарсаңға салудың не қажеті бар еді? – дейді Александр.

Біз мән-жайды толық білу үшін Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқановқа қоңырау шалдық.       

— ҰОС ардагері Михаил Шепель өткен жылы әкімдікке келіп, жаңа үйден пәтер сұрады. Заң талаптарына сәйкес, коммуналдық пәтердің кезегіне қойдық. Ал 7 мамыр күні берілген үйге келсек, одан тек Отбасы банкінің салымшылары пәтер алды. «7 мамыр күні бірінші біткен үйден пәтер аласыз» деп, ешкім оған уәде берген емес, уәде де бере алмайды. Өйткені салымшылардың ақшасына салынған үйді бөлуге әкімдіктің араласуға құқы жоқ. Біз ардагерге алдағы уақытта құрылысы бітуі тиіс тоғыз қабатты коммуналдық үйден міндетті түрде пәтер береміз. Үйдің құрылысын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарлануда, – деді М.Сатқанов.

Тегтер: соғыс тарих тағылым. естелік ерлік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39