«Бозарық» биыл аяқталады

Сайт әкімшілігі

24.11.2020, 17:20

4329

Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов АГРС-3 және «Бозарық» қосалқы подстанциясындағы құрылыспен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

– Бүгінде Шымкент қаласын сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның 80 пайызы аяқталды. Яғни, автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысын осы жылдың соңына дейін бітіру жоспарлануда. Нысан іске қосылған соң, әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандарға техникалық шартты алуға мүмкіндік беріліп, қала тұрғындары толыққанды сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі, – деді Жолшыбек Мұхтарұлы.

Сондай-ақ, «Бозарық» қосалқы станциясындағы құрылысты пысықтаған басқарма басшысы бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталатынын жеткізді.

Оның айтуынша, қуаттылығы 160 МВт 220/110/10 КВ құрайтын қосалқы станция пайдалануға берілген соң, Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс ш/а, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити, Достық және Нұрсәт шағынауданындағы 250 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 09:00
49 миллион теңгенің алтынын әкеткен күдікті ұсталды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30