Бозымбаев ешбір қағидаға көнбейтін «Алтын Орда» базарын реттемек

Сайт әкімшілігі

24.02.2022, 16:30

2887

Алматы облысының әкімі «Алтын Орда» базарының айналасында жиналған проблемаларды шешетінін айтты. Алматының іргесіндегі атышулы сауда орталығы елге толықтай локдаун енгізілгенде де жұмысын тоқтатпаған еді. Мегаполисті азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрған базардағы сауда айналымы мен салық төлеу жағы енді қатаң қадағалауға алынбақ.

«Алтын Орда базары қызметінің төңірегінде жинақталған проблемаларды шешу мақсатында барлық бағыт бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Құрылыс, санитарлық және салықтық бақылау көзделген», — деді баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Аймақ басшысы нарық қызметін жеңілдету және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Іле ауданында А+ санатты автоматтандырылған логистикалық хаб салынатынын хабарлады.

«Логистикалық хабтың аумағы 200 мың шаршы метрді құрайды. Ол Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады. Ол үшін 200 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартамыз, шамамен 1 500 жаңа жұмыс орны құрылады», — деді Алматы облысының әкімі.

Қанат Бозымбаев бұл жобаны жүзеге асыру үшін «AIRBA FF» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның негізін қалаушы Эдуард Киммен өзара меморандумға қол қойған

Тегтер: халық нарық әлеумет ахуал еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01