Бұқар жыраудың жалған бейнесін жамылған кімдер?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

24.03.2021, 09:42

2267

Қазақтың кемеңгер жырауы деп танып жүргеніміз жасанды жанның суреті болып шықты. Оның бейнесіне Қажыбай Мәндібайұлын жамылдырған екен. Бұл жайында қалалық «Қарағанды хабары» газеті хабарлады. Бейтаныс жанның кескіні 1990 жылы қайсібір суретшінің қолына түскен. Кеңестік фотоаппаратпен түсірілген Қажыбай қарттың суреті жергілікті баспасөз бетінде жарық көрген. Кейін қарияның түр-әлпетін дизайнер компьютерге салып әрлеген. Ақиқатты елге жариялаған Қарағандылық  жазушы Серік Сағынтай мұның сырын былайша сабақтады:

-Қажыбай ақсақалдың фотосының түпнұсқасы қызы Малина Қажыбайқызының үйінде сақтаулы. Газеттің тігіндісін мұрағаттан табу қиын емес,-дейді қаламгер. 

Осы күні компьютердің пернесін басып, ғаламтордан «Бұқар жырау» деп іздеу салсаңыз, кемеңгер тұлғаның алуан  түрлі суреті шығады.  Осыдан үш жыл бұрын абыз  бабаның 350 жылдық мерейтойына орай  әзірленген көшедегі жарнамалық баннердің, логотип-эмблемалардың бетінде Қажыбай Мәндібайұлы мен жыраудың ұрпағы деп танылған Еркебұлан Молдабековке ұқсатып салынған суреттер дестеленген.

«Бір қызымнан бір қызым hәм сорақы» демекші, олақтығы мен салақтығы қатар жүретін халқымыз төл туындысы тұрмақ, қағазды да қаттап үйренбеген. Бұдан соң, тарихта бірізділік қайдан болсын?

Тегтер: тарих тағылым рухани жаңғыру мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 28.01.2022, 21:08
Бұрынғы атауы қайтарылсын!
Сайт әкімшілігі 28.01.2022, 09:31
Түркістан облысындағы экономиканы жаңғыртудың бүгіні мен келешегі
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 17:08
Павлодарлық полицейлер басшылықтан қашанғы қысым көреді?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 16:13
Ауылды «еститін Үкімет» қайда?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48