Даудың басы - сарқынды судағы мұнай қалдығы

Исатай ҚҰНДЫЗБАЙҰЛЫ

05.11.2020, 04:32

642

Экологиялық ахуалы бір жақсармаған Атырауда биыл 130 заңнама бұзушылық анықталды. «Бұл оқиғалар бойынша 54 әкімшілік іс қозғалып, 88 миллион теңгеден астам айыппұл салынды», – деді жуырда өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегенов.

         Арада күн өтпей жатып қала тұрғындары тағы дүрлікті. Жергілікті халық «Тухлая балка» атап кеткен кәріздік жүйесіне ағып жатқан судың бетінде кесек-кесегімен бөлшектене ағып жатқан мұнай қалдықтары жексенбі күні анық байқалды. Тосын жағдайға не себеп болды?

— Атырау мұнай өңдеу зауытының биологиялық тазалау қондырғыларының дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан мұнай қалдықтары бар сарқынды су кәріздік сайға ағып кеткен. Бұл экология департаменті мен қоғам белсенділерінің бірлесе жүргізген мониторингі кезінде анықталды, – деді Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысы Әлібек Бекмұхаметов. – Шұғыл шаралар нәтижесінде ағынды судан сынамалар алынды. Қазір тиісті зерттеулер жүргізілуде, қорытындысы үш-төрт күнде шығарылады.

         Табиғат қорғау заңдылықтары бойынша, қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгіліп, залал келтірілгені жөніндегі ақпарат экология департаментіне екі сағаттың ішінде түсуі тиіс. Алайда табиғатты пайдаланушы тарап бұл талапты орындамаған. Оны зауыттың басқарушы директоры Ерсайын Жарбосынов оқиғаның демалыс күні, оның үстіне кешке қарай орын алғанымен түсіндірді.

         Осы алаңдатарлық ахуалға байланысты қоғам белсенділері бұқаралық ақпарат құралдарына арнап онлайн-конференция өткізді. Онда мұнай өңдеу зауыты экология бөлімінің мамандары хабарлағандай, 1 қараша күні сағат төрттер шамасында электр энергиясын беру жұмыстарының ақауы себебінен ағынды суларды биологиялық тазарту блогы тұндырғышының шламын реттеу сорғысы тоқтаған. Осының салдарынан тұндырғыштың құм сүзгісіне шығу нүктесінде қалқыма және органикалық заттар (биошлам) концентрациясының артуы орын алыпты.

         Қазір Атырау мұнай өңдеу зауытында орын алған ақаудың себептері мен мән-жайларын тексеру жөнінде комиссия құрылып, іске кірісті. Комиссияның нақты қорытындысы жақын арада хабарланады.

         Сонымен, әзірге даудың басы – сарқынды судағы мұнай қалдығы. Себеп-салдар анықталар, тағы да айыппұл салынар да қояр. Осы орайда,  «мұндай ақауға неге жол беріледі және оны болдырмаудың жолдары неге алдын ала ойластырылмайды, неге тиісті шаралар күні бұрын жасалмайды?» деген салмақты сауалдың тууы заңды. Тұрғындарды алаңдататында осы. Өйткені айыппұл ауа бола ма?..

                                                                 

Тегтер: мұнай бағасы биржа экономика нарық халық әлемдік экономика сарапшы талдау болжам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 06.03.2021, 19:24
Талғар ауданында өрт салдарынан баспанасынан айырылған отбасыға үй берілді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 05.03.2021, 12:48
Бірінші кезекте ана мен бала саулығы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 05.03.2021, 10:36
Қарағандыда көп қабатты тұрғын үйдің бірінен екі айлық бала табылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 05.03.2021, 09:15
Түркістанда жаңа аудан құрудың машақаты басталды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 04.03.2021, 18:13
Шенеуніктер неге тәртіп бұзады?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 04.03.2021, 12:55
Бір-бірінің кебін кимесе игі...

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44