Екпе 840-қа жуық медицина қызметкеріне салынды

Сайт әкімшілігі

12.02.2021, 10:21

535

      Коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау 2021 жылдың 1 ақпанында басталды. 1-8 ақпан аралығында Түркістан облысында 840-қа жуық медицина қызметкері Covid-19-ға қарсы екпе салдырды.  

      Соңғы бір тәулік ішінде Түркістан облысы бойынша  коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,16% төңірегінде. Пандемия басталғалы бері өңірде 4176 жағдайы тіркелді.  Оның 2682-сі симптомсыз болып, 1 671-і стационарлық ем қабылдады.

      Бүгінгі күні КВИ-ға қарсы вакцинация Ресейде шығарылатын Sputnik V вакцинасының көмегімен жүзеге асырылуда.

Коронавирустық вакцинаны екі кезеңмен 21 күн аралығында жасау міндетті. Оған себеп,  бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқамерзімді қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншінің әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация ерікті түрде салынады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинацияланған адамның саналы келісімімен ғана жүзеге асырылады.

Елімізде егуден бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15