Электронды қызмет 86 пайызға жетті

Сайт әкімшілігі

20.09.2020, 07:51

603

Шымкент қаласында салаларды цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, биыл сегіз ай ішінде Шымкент қаласы әкімдігі 2, 5 миллион қызметтің 2 миллион 200 мыңы немесе 86,1 пайызын электронды түрде көрсеткен. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметті электронды түрде алған азаматтардың саны 700 мыңға өскен.

Бұл жөнінде  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент — адалдық алаңы» жобасының ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.

–Қала әкімдігі былтыр 181 қызмет түрін көрсетсе, биыл тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін кейбір қызмет түрлері оңтайландырылып, олардың саны 160 болып бекітілді. 2019 жылы 181 қызметтің 91-і, яғни 50 пайызы электронды форматта көрсетілсе, осы жылы 160 қызметтің 132-сі (83%) электронды түрде көрсетіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда қызметтерді электронды түрде көрсету 33 пайызға өскенін білдіреді, — деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ, әкім жылдың соңына дейін қалған 28 мемлекеттік қызмет түрін электронды форматқа ауыстыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29