Есірткі: жолы кесілді

Кемел ЖАН

28.07.2022, 16:21

2002

Қылмыс әлеміндегі ең өтімді «бизнес» — есірткі саудасы. Әлем бойынша солай. Қазақстанның құқық қорғаушылары бұл қылмыстың жолын қанша кессе де, азаяр емес. Оның себебі көп. Ең негізгі себебі, Қазақстан есірткі бизнесінде тоғыз жолдың тоғысындағы «дәліз» болып тұр. Сондықтан, аталған көлеңкелі қылмыстың тамырын біржола шауып тастау өте қиын шаруа. Алматы мен Жетісу облысы есірткі бизнесі және есірткі тұтыну бойынша алғашқы өңірлердің қатарына енеді екен. Оның себебі, екі облыстың географиялық орналасуы және Алматы сияқты ірі мегаполиске жақын болуынан. Бұл мамандар пікірі. Соған қарамастан бұл аймақта есірткі бизнесімен күрес өте қарқынды жүреді. Өңірлерде апта сайын бірнеше қылмыстың жолы кесіліп жатады. Мәселен, шілденің соңғы күндері Алматы – Өскемен тасжолында полиция қызметкерлері 24 жастағы азаматты ұстаған. Анықталғандай, күдікті Жетісу облысы Ескелді ауданының тұрғыны болып шыққан. Тәртіп сақшылары әлгі азаматтың көлігін тоқтатып тексереді. Сөйтсе, оның машинасынан синтетикалық есірткі табылыпты. Күдікті 2 келі мефедронды төрт полиэтилен пакетке салып алыпты. Алматы облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қазбек Мұхамедовтың айтуынша, күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда жатқан көрінеді. Нақты заттай айғақпен ұсталған күдіктінің бұл оқиғадан оңай құтылмасы айдан анық. Қылмыс туралы Қ.Мұхамедов: «Аталған қылмыстық дерек бойынша аса ірі көлемдегі есiрткi және психотроптық заттарды өткізу, заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалып, құзырлы мамандар істеп айналысып жатыр», – деді. Елдің есін алған есірткі бизнесі Жетісу облысында ғана емес, Алматы облысында да қызып тұрған көрінеді. Жуырда ғана облыс орталығы болған Қонаев қаласында синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана табылыпты. Бұл қылмыс Қонаевта жүргізілген арнаулы операция кезінде белгілі болған. Күдіктілердің ізіне түскен арнайы қызмет мамандары атышулы зертхананы Қонаевтан бес шақырым қашықта, адам тұрмайтын үйлердің ауласынан тапқан. Әлгі зертхана «Мефедрон» дайындайтын құрал жабдықтармен жасақталып, қажетті заттармен қамтылған. Соған қарағанда бұл жерде ұзақ уақыттан бері есірткі дайындалып келген болуы мүмкін. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі жасаумен айналысқан 21 мен 24 жас аралығындағы үш жігіт екен, олар қолға түскен. Таратқан мәліметке сенсек, әлгі күдіктілердің біреуі Алматы қаласының азаматы болса, ал екеуі Іле ауданының тұрғындары. Есірткі сатумен немесе есірткі тасумен айналысу бір басқа да, ал оны арнайы зертханада жасау – бұл өте үлкен қылмыс! Әлгі аты шулы зертханаға жүргізілген арнайы тексеру кезінде сұйықтықтар мен ұнтақ зат құйылған пластикалық контейнерлер көптеп табылғанын айта кетейік. Одан бөлек, есірткі жасауға арналған әртүрлі шкала, сорғыштар мен бетперделер және металл ыдыстар табылыпты. Бұл әрине қажетті құрал жабдықтың бір бөлігі. Арнайы қызмет өкілдері қолға түсірген күдік тудырған заттарға жасалған сараптама қортындысына қарағанда, табылған «мефедронның» салмағы – 52,86 грамм болған. Бұл өте көп мөлшерде есірткі жасауға жететін шикізат. Одан бөлек, 2 тоннадай химиялық зат табылып, барлығы қылмыс фактісі ретінде тәркіленді.

Тегтер: қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 15:56
Өнерлі балалар – болашақтың алтын діңгегі
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:49
Қашан 27 миллион қазақстандық болады?
Еркежан АРЫН 22.09.2022, 14:53
«Дәрмек» операциясы аясында еcірткі лабораториялары табылды
Б.СӘРСЕНБІ 21.09.2022, 16:38
Шымкент – туристер көп келетін қала
Бифат ЕЛТАЕВА 20.09.2022, 13:16
«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор
Б.СӘРСЕНБІ 19.09.2022, 08:49
Жаңа әкім бақылауды күшейтті

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41