«Ескі қалашықта» амфитеатрдың құрылысы басталады

Сайт әкімшілігі

29.09.2020, 06:37

214

Тұңғыш президенттің сайты таратқан мәліметтерге қарағанда, Шымкенттегі сапар кезінде «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Есімов пандемия кезінде ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан денсаулық сақтау жүйесі мен отандық өндірушілерді қолдау үшін қабылданған шаралар туралы айтты. Нұрсұлтан Назарбаевқа елорда мен Алматыда медициналық орталықтар салу жөніндегі тапсырманың орындалу барысы баяндалды. Сондай-ақ, А.Есімов Елбасыға 3000 дана көлемінде «Авифавир» дәрісін сатып алу және коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу бойынша жасалған келісім туралы мәлімет берген.

Соңғы жылдары Шымкенттің тарихи орны-«Ескі қалашықты» туристік орталыққа айналдыру бағытында өте көп жұмыстар жүргізілуде.  «Ескі қалашық» –Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық нысан. Жалпы қалашықта үш стратиграфиялық қазба жасалған. Мәдени қабаттары 14 метрді құрайды. Қалашықтың ең төменгі қабатында біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырдың соңы  мен  біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдың басына тән керамика кешені бар. Ол Соғдының урбанизацияланған қоныстарына сәйкес келеді. Бұған дейін қалашықта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалымдар Шымкенттің осыдан 2200 жыл бұрын пайда болғанын, оның Орталық Азиядағы көне қалалардың бірі екендігін мәлімдеді.  2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады.

Көне қалашықты аралап көрген Н.Назарбаев археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Сондай-ақ сапар барысында қала әкімі М.Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективаларын баяндады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31