Грант арқылы кәсібін дөңгелетті

Сайт әкімшілігі

03.11.2020, 03:33

281

Шымкент қаласында қоян өсіру кәсібіне қызығушылық артып келеді. «Қайнарбұлақ» тұрғын алабының  тұрғыны Алексей Костылев мемлекеттік қолдаудың арқасында қоян өсіріп, кәсібін дөңгелетіп отыр. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Алексей  2019 жылдың желтоқсан айында қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы «Бизнес бастау» жобасының кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданған болатын. 21 күндік оқуын тәмамдап арнайы сертификатын алған ол биыл мемлекеттік грантқа құжат өткізген. Қоян шаруашылығын дамытуға негізделген бизнес жоспары комиссия тарапынан мақұлданып, тиісті грант қаражаты есеп-шотына аударылған. Алексей мемлекеттен алған қайтарымсыз қаржыға 50-ге тарта қоян мен олардың азығын сатып алды.

Қазіргі уақытта оның шаруашылығында 70-тен  астам қоян бар. Олардың дені сирек кездесетін тұқым саналады. Бүгінде кәсіпкер қояндарды етті бағытта бағуда. Кәсіп иесінің айтуынша, қоянның еті көп ауруға ем болса, жүнінен  түрлі қымбат бағалы бас киім мен сырт киім тігуге болады. Ал қоянның қиы бау-бақшаға таптырмас био өнім. Айта кету керек, Алексей бұл іспен төрт жылдан бері айналысып келеді. Алдағы уақытта аталған шаруашылықты дамытып, қоянның терісін өңдейтін істі бастауға ниеттеніп отыр.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша биыл 4914 адамға грант беру жоспарланса, қазіргі таңда (9 ай) 1929 азамат комиссия шешімімен грант иегері атанған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49