Халық әкімдікті сотқа берді

Еңлік АБАҒАН

09.09.2021, 13:40

896

Осыдан алты жыл бұрын Көксу ауданына қарасты Балпық би ауылының әкімдігі халықтың жекеменшік үйлерін сүріп тастап, 32 тұрғынға пәтерді жаңадан салынған баспанадан берген еді. Арада алты жылға жуық уақыт өтсе де, тұрғындар пәтерлерінің құжатын ала алмай келеді. Ашынған халық әкімдікті сотқа да берді.

Жиналған халық шарасыздықтан не істерін білмей, баспасөз өкілдеріне мұңын шағып та көрген. Әкімдіктің де, сот ғимаратының да есігін тоздырған. Осыдан алты жыл бұрын сүрілген үйлері әлі күнге дейін өз аттарында болғанымен, жаңа баспананың құжатын ала алмай келеді.

– Сол кезде аудан және ауыл әкімі келіп, жиналыс өткізді. Бізге «үш күн ішінде үйді босатып, барлығын жинап кетіңдер» деп тапсырды. Адамдар көшіп үлгерместен үйлерді құлата бастады. Кейбірі керек заттарын да алып үлгермеді, – дейді Балпық би ауылының тұрғыны Айман Тойлыбаева.

Ал Рәзия Ибрагимованың айтуынша, шенеуніктер жер үйлерінен көшкен кезде үш жылдан кейін құжатты аласыңдар, барлығы болады деп сендірген көрінеді. Жоғарыда айтқанымыздай, тұрғындардың сүріліп кеткен үйлері қазір жоқ болса да, аттарында әлі тіркеліп тұр екен. Бұл мәселеге қатысты заңгер Еркін Оңғарбаев берілген үйлер жекешелендіруге жатпаса, тұрғындарға сүрілген үйдің ақысын беруі қажет дейді. Себебі Конституцияның 26-бабында айтылғандай, ешкімді өзінің жекеменшік құқығынан айыруға болмайды. Өтемақы да көрсетілмеген.

Аталған жер телімі мемлекеттің пайдасы үшін деп алынған, тек жекеменшікке сатылып кеткен. Қазір тұрғындардың ескі үйлерінің орнында жекеменшік монша, сауда орындары салынған. Жекеменшікке жерді сатуға асыққан әкімдік жаңадан берілетін үйдің құжаты дұрыс болады деп сендірді дейді халық. Алайда содан бері сең қозғалмапты.

– Балпық би ауылы Қабанбай батыр көшесіндегі тұрғындардың көпқабатты тұрғын үйлері апатты деп танылуына байланысты 2016 жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан Мырзабеков көшесіндегі №3 көпқабатты үйден пәтерлер берілген.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» №94 Заңының 13-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген және 9) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» ҚР Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды. Сонымен қатар ағымдағы жылдың шілде айында тұрғындар пәтерлерін жекешелендіріп беру бойынша сотқа талап арыз берген болатын. Жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес, сот арыздарын қанағаттандырмады, – дейді әкімдік өкілі.

Өз кезегінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәди Қарбаев: «Жекешелендіру бойынша заңға келіп қарап едік, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 13-бабында жазылып тұр. Апатты деп танылған үйден көшірілген адамдардың пәтерлері жекешелендірілмейді. Бұл үйге құжаттар барлығына жасалды, енді қазір пәтер бойынша жасаймыз да, одан кейін тіркеуге тұрады», – деп түсіндіреді.

Соттың бірінші үкімі әкімдік пайдасына шешілген. Екінші рет апелляцияға да берді. Бірақ апелляциялық сот та «жалға берілген үй жекешелендірілмейді» деп, аудандық сот шығарған бастапқы шешімді күшінде қалдырды. Тұрғындар мұнымен тоқтап қалмаймыз дейді. Ал әкімдік қызметкерлері ол кезде басқа әкім (ол кезде қазіргі Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов болды – авт.), басқа кадр болғанын айтады.

Тегтер: сот халық әкім жергілікті әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48