Инвесторларға жер телімін ұсынудың жаңа механизмі әзірленді

Сайт әкімшілігі

26.08.2020, 14:07

103

Шымкенттегі «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы  5 мың кәсіпкерге қызмет көрсеткен. Бұл туралы  ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде аталған  акционерлік қоғам басқармасының төрағасы Бауыржан Канкин мәлімдеді.

– Инвесторларға жер телімін ұсынуды жеңілдету мақсатында «Shymkent» ӘКК тарапынан жаңа механизм әзірленді. Аталған механизм негізінде 223,9 млрд теңгелік 30 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша келісімге қол жеткіздік. Бұл жобалар білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы (девелопмент) және қызмет көрсету салаларында. Осы орайда айта кетейін, фронт офис ашылғалы үш айдың ішінде 5000 кәсіпкерге қызмет көрсеттік, – деді Б.Канкин.

Спикердің сөзіне сүйенсек, 2020 жылдың басынан бері «Оңтүстік» АЭА-ға жалпы құны 39,172 млрд теңгені құрайтын 2 257 жұмыс орнының құрылумен 9 жоба тартылған. Ал «Оңтүстік», «Тассай» индустриалды аймақтарына, «Shymkent» агроөнеркәсіптік аймағына және көліктік-логистикалық орталықтың аумағына жалпы құны 37,5 млрд теңгені құрайтын бірқатар инвестициялық жобалар тартылған.

«Осы орайда «Оңтүстік» және «Тассай», сондай-ақ қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында «Жұлдыз» индустриялды аймағын құру жоспарлануда. Бұл мақсатта көлемі 306 га құрайтын жер телімі анықталды. Қазіргі уақытта қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде», – деді Бауыржан Тоқболатұлы.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15