Кәсіпкерлерге жер телімі тегін беріледі

Сайт әкімшілігі

20.08.2020, 10:44

119

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жергілікті  тауар өндірушілерге жер телімдері беріліп жатыр. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында мәлім болды.

Шаһарда  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру шаралары аясында сауда нысандарға айналымға қарыз қаражат беру, тауар интервенциясын жүргізу, жылжымалы әлеуметтік сауда нүктелерін ашу, жергілікті тауар өндірушілерге жер телімдерін бөлу сияқты стратегиялық жұмыстар атқарылып жатыр.

«Бүгінде «Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы ет сатумен айналысатын «БӘЙТЕРЕК АГРО» корпорациясы мен «ТАССАЙ ҚҰС» компаниясы – жұмыртқа сату нүктесіне жер телімі бөлінді» — дейді ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Әбунасыр  Жанбатыров.

Мегаполисте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жылжымалы әлеуметтік сауда нүктелерін дамыту қолға алынған. Қазіргі таңда 6 базарда  және тығыз орналасқан аймақтағы 3 орында жылжымалы сауда нүктесі жұмыс жасайды. Қосымша тағы қыркүйекте 4 ауданнан 8  сауда нүктесін ашу жоспарда бар.

 «Жер телімдері  нақты мерзімде белгілі бір жүйе арқылы берілуі қажет. Осы бойынша жұмыс жасауды және тауар қорын арттырып, бағаның тұрақты болуын үнемі бақылауда ұстауды тапсырамын» — деп Мұрат Әйтенов салаға жауаптыларға тапсырмаларды орындауды жүктеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Беделхан ЖАНПЕЙІС 15.05.2021, 13:22
Күріш қажет пе?
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 15.05.2021, 13:12
Кентау қаласының аулалары қашан қалыпқа келмек?
Сайт әкімшілігі 15.05.2021, 10:07
Мамай мен Иманбайдың өкілдері дәлелдемелер іздеуді енді ғана бастады
Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 10:49
Сенаторлар ауылдарды аралап жүр
Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 10:44
Несібесін «Еңбектен» тапқан кәсіпкер
Миуа БАЙНАЗАРОВА 13.05.2021, 18:17
Қамбаштан бақ тайды

Аңдатпа


  • Оспан батыр
    15.05.2021, 13:02
  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09