Келісім комиссиясы кеншілермен не жөнінде келісті?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

24.11.2021, 17:02

489

 Бұған дейін бұғып келген кеншілер енді қожайындарының алдына талаптарын батыл қоятын болады.  Ол кеншілердің өтінішін шешу бойынша құрылған үшжақты келісім комиссиясымен іске асады. Атап айтар болсақ, оның құрамына аймақтағы сегіз шахтаның «Қорғау», «Жақтау» және «Өркен-Атасу»,   кәсіподақтарымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кеніштеріндегі кәсіподақ комитеттерінің, сондай-ақ, облыстық әкімдіктің өкілдері мүше болып табылады. Кеншілер комиссия қарауына жұмыс орындарын сапалы  еңбек қауіпсіздігі жағдайымен қамтамасыз етуді айтып, ерекше талап еткен. Ол үшін, шахталардың  материалдық-техникалық базасын жаңартуды жіті қолға алу керектігін жеткізген. Жерасты майталмандары штат кестесін жаңаша жасақтауды, жалақыны ауыр еңбектің өтелуіне сай өсіруді және түрлі  әлеуметтік төлемдерді арттыруды сұраған. Ауыр  кәсіп иелерінің барлық өтініші бойынша комиссия ортақ мәміле жасасып, ресми байламға  келген.

-Кен орындары жетекшілермен тоқайласу барысында,  кеншілер тұратын елді мекендердің  әлеуметтік-инфрақұрылым жағдайына да назар аударуды тапсырдық. Атқарушы билік тарапынан, біз «отбасы» банкімен келісім жасадық.  Осылайша, кеншілер мен металлургтерге тұрғын үй алу үшін  5% ипотекамен несие беру бағдарламасын ұсындық. Шахтерлер бұл хабарды қуана қабылдады.   Жалақыны индикстеуде де, талаптар оңтайлы шешілді. Ол бойынша, жыл сайын қаңтар айынан бастап  инфляция деңгейіне қарай өтемақы толықтай есептелетін болды. Тағы бір жағымды жаңалық, бұдан кейін жыл соңында кеншілерге 13-жалақы төленеді. Бұрын бұл өндіріс жоспарын орындаған жағдайда ғана өтеленіп келген еді,-деді бүгін кеншілермен келісім комиссиясының қортындысына арналған брифингте сөз алған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Кенші кәсібі қауіпті  болғандықтан, осы салаға келушілер некен-саяқ. Аймақтағы көптеген шахталарда жұмысшылардың тапшылығы жиі орын алады. Сондықтан, көмір департаментінің кеншілер саны туралы нормативі үнемі тұрақталмай  келді. Бұдан әрі, кен орындарында штаттық кесте толыққанға дейін ай сайын 100 адамды жұмысқа қабылдауға мұрсат беріледі. Кеншілердің 2017 жылдан бері көтеріп келе жатқан келесі мәселесі-  кеншілерді тасмалдайтын автобустың кетеуі кеткені қашан? Осы жылдың 1-желтоқсанына дейін шахтерлерді жұмыс орынына жеткізіп  келген ескі көліктер қатардан шығып, оның орынын жалға берілетін жаңа автобустар басады.

Жергілікті әкімдік  бұдан бөлек, орындауға  құзыреті жетпейтін ұзын- ырғасы 12 мәселені хаттап, ел Үкіметінің қарауына жолдады. Кеншілер жеткізген күрделі проблемалар -шахтерлердің зейнеткерлікке шығатын  жасын шегеру, жазатайым оқиға орын алған жағдайда, зардап шегушінің кінәсін анықтаудың күшін жою, регрестік төлемнің мөлшерін көбейту жөнінде ұсыныстар бар. Аймақ басшысы брифингте кеншілер жоғарыда қабылданған барлық  шешімдермен қанағаттанып отырғанын жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17