Көлік ұрлаған ұлттық қауіпсіздік қызметкері сотталды

Мариям МАҚСАТ

25.12.2020, 13:51

1026

Павлодар облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік департаменті, полиция қызметкері, шенеунік және тағы үш адам қымбат көліктерді ұрлап, сатумен айналысқан.

Қылмыскерлер «Горкомхоз» РМК айыппұл тұрағындағы жол талғамайтын қымбат екі көлікті жалған құжаттар арқылы шығарып алып, сатылымға қойған.

«2018 жылдың ақпан айында айыпталушылар қитұрқы әрекеттер ойластырып, кейін оларды жүзеге асырды. Павлодар облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкері, криминалдық полиция мен Шарбақты аудандық әкімдігінің өкілдері жоғарыда аталған көліктерді айыппұл тұрағынан шығару құқығын беретін ресми құжаттарды қолдан жасаған. Содан соң алдын ала белгіленген рөлдер бойынша алты айыпталушының барлығы көліктерді тұрақтан алып, сатылымға шығарған», — деп хабарлады Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Жалпы шығын көлемі — 32 млн теңге. Сотқа дейінгі тергеу кезінде қымбат көліктің бірі заңды иесіне қайтарылды.

Прокурор айыпталушылардың барлығын 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруды сұрады. Бес бірдей айыпталушы кінәсін мүлде мойындаған жоқ. Тек әкімдік қызметкері істеген ісіне өкінді.

Ұлттық қауіпсіздік пен полиция қызметкерлері капитан, майор шендерінен айырылып, алты жылға сотталды. Олардың екі көмекшісі бес жылға бас бостандығынан айырылды. Шарбақты аудандық әкімдігінің қызметкері — жесір қалған әйел, кәмелеттік жасқа толмаған екі баланың анасы. Ол кенжесі 14 жасқа толғаннан соң бес жыл уақытын темір тордың арғы жағында өткізетін болады. Қылмыстық топтың «кенжесі» — 19 жасар жігіт шартты түрде бес жылға сотталды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 18:10
Шығыста «қосылғыштар» орын алмасып жатыр
Сайт әкімшілігі 12:19
Сегіз өңір "қызыл" аймаққа енді
Мариям МАҚСАТ 09:30
Ауылдағы ағайын ауызсуға жарымай отыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.01.2021, 11:30
Кітапқұмар қылмыскердің жазасы қысқаруы мүмкін
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 26.01.2021, 10:28
Шалқар көлін құтқару «операциясы» қашан басталады?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.01.2021, 10:23
Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды

Аңдатпа


  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10