Коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

Сайт әкімшілігі

17.09.2020, 08:03

163

 Шымкент қалалық №3 емханасында коронавирус пандемиясына қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу барысында емханаға келіп түскен шақырту қабылданды. Шақырту түскеннен кейін науқастың үйіне дәрігерлер мен фельдшерлер барып, оның хал-жағдайын толыққанды тексеріп, медициналық көмек көрсетті. Тексеру кезінде науқасқа қосымша диагностикалық көмек керек болғандықтан «Медикер» орталығына апарып, компьютерлік томографияға түсірді.

Осы орайда айта кетсек, егер науқастың өкпе қабыну деңгейі 15 пайыздан жоғары болса, «Атамекен» медициналық орталығына жеткізіледі. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Жақыпқызының айтуынша, «Атамекен» провизорлы стационарға орта дәрежелі науқастар түседі. Науқас ентігу халінде түссе, провизорлы орталықтағы қызыл жолақпен палатаға жеткізіледі. Егер өзі тыныс ала алатын болса сары жолақпен жүргізіліп, анализі толық алынып, палатаға жайғастырылады.

Оқу-жаттығу барысында Шымкент қалалық №3 емханасының бас дәрігері Ақмарал Уалиханқызы емханаға күнделікті шақыртулар түсетінін, бұл шақыртулар автоматты түрде 4 категорияға бөлінетінін жеткізді.

Айта кетейік, бұл оқу-жаттығудың мақсаты – қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске барынша дайындығын пысықтау.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 09:28
Төтенше жағдай: "АрселорМиттал Теміртау" цехында шатыр опырылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.01.2021, 17:30
Қарағанды облысында карантин күшейеді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.01.2021, 17:00
Семейді қыстан сақтауға "қолы қойылмаған" Сақтағанов келді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 21.01.2021, 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?

Аңдатпа


  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32