09.04.2021, 14:05
1170
Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы тас жолға әскери ұшақтың қонуы туралы мән-жайды түсіндіріп өтті, деп хабарлайды «Жас Алаш».
Қазақстанның батысында «Алтын Жебе» арнайы операциялық күштерінің құрамдас бөліктерін кешенді тексеру аяқталды.
Тексеруге Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері қатысты.
«Тексерудің соңғы кезеңінде Қарулы Күштер тарихында бірінші рет Маңғыстау облысында орналасқан автомобиль жолының аэродромдық бөлігіне әскери-көлік ұшағы С-295 және Су-27 жойғыш ұшағы қонды», деп министрлік мәлімдемесінде айтылды.
Қону әуе күштерінің құрлықтағы және әскери теңіз топтарын қолдаумен айналысатын бөлімшелерінің ұтқырлығын арттыру аясында жүзеге асырылған.
Бұған дейін Ақтау-Жаңаөзен тас жолына әскери ұшақ қонғаны хабарланған болатын. Оқиға орнынан түсірілген видеоны оқиға куәгерлері түсіріп алған. Олардың айтуынша, полиция қызметкерлері тасжолды жауып тастаған. Жүргізушілер айналма жол бойымен жіберілді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР