Мәжілісмендер мегаполиске жұмыс сапарымен келді

Сайт әкімшілігі

29.09.2020, 07:56

164

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев және Берік Дүйсенбинов мегаполиске арнайы жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Antikor ortalyǵyмен танысты.

Департамент басшысы Асхат Жұмағали сервистік орталықтың жұмысы Президенттің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына толықтай сәйкес келетіндігін жеткізді.

Antikor ortalyǵy барлық қажетті талаптарды ескере отырып, ең бастысы ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған. Барлық бөлмелер шыны кабинеттерге ауыстырылған «Open space» форматында салынған және бұл тиімді өзара іс-қимыл үшін жасалған.

Ғимаратпен танысқан Мәжіліс депутаттары халықпен тығыз жұмыс жасап, ашықтықты барынша қамтамасыз еткен бірден бір мекеме екендігін айтып, тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасалғандығын атап өтті.

Департамент басшысы жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан да хабардар етті.

–Мемлекет басшысы атап өткендей сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алып, жемқорлықтың алдын алуға басымдық берілуде. Осы мақсатта Агенттікпен әр салада арнайы жобалар жүзеге асырылып, қазіргі таңда өз нәтижесін беруде — деп атап өтті А.Жұмағали.

Сонымен қатар, бюджет ашықтығы мен оның мақсатты пайдалануын бақылау мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жүзеге асырылып отырғандығын, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01