Мегаполисте ауыл шаруашылығы өнімдері көбейген

Сайт әкімшілігі

18.09.2020, 08:11

240

Шымкент қаласында 8 айда 22,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға өскен.

Бұл өсімге мал шаруашылығы саласындағы өнім көлемін арттыру арқылы қол жеткізілді.

Атап айтқанда, 8 ай ішінде 100,4 миллион дана жұмыртқа алынды. Оның ішінде 23 миллион данасын «Тассай құс» және «Шымкент құс» ЖШС-і өндірген. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, бұл дерек жұмыртқа өндіру 29,8 пайызға көбейгенін көрсетеді.

Ал, ет өндірісі 1,1 пайызға артып, 10,6 мың тоннаны құрап отыр. Бір ғана «Шымкент құс» ЖШС-інің өзінде бройлер тауық пен малдың 118,2 тонна еті өндірілген.

Сондай-ақ, есепті кезеңде 35,2 мың тонна сүт сауылып, өнім көлемі 3,3 пайызға өскен. Оның ішінде «Бәйтерек Агро», «Зертас», «Тұран агро продукт» ЖШС-і сүт өндірісін 1,1 мың тоннаға арттырған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15