Мегаполисте биыл 976 отбасы баспаналы болды

Сайт әкімшілігі

07.09.2020, 07:52

495

Нарықтың жағдайында әр азаматтың баспаналы болуы тікелей өзіне байланысты. Десе де, мемлекет тұрғын үй құрылысын тікелей қолдап отыр. Осы мақсатта  Шымкентте 1 миллион шаршы метрді құрайтын 262 көпқабатты үй салынып жатыр. (Оның 126-сы жекеменшік коммерциялық жоба, барлығы 6 147 пәтер)

Қазір Шымкент қаласында 40 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Биыл оның ішінде 976 адам баспаналы болады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жуырда әкімдікте өткен жиында үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтудың 5 жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

– Жалпы, Шымкент мегаполис болған соң, табиғи өсім мен миграцияны ескерер болсақ, тұрғын үйге деген сұраныс ешқашан төмендемейді. Мемлекеттік билік халық саны мен тұрғын үй құрылысының қарқынын ұштастыруға тиіс,-деген қала басшысы өзінің орынбасары Бауыржан Мамыталиевке кредиттік тұрғын үйлер көлемін арттыру, тұрғын үйдің өзіндік құнын азайту, арендалық төлемдерді бюджеттен субсидиялау мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 22:46
Жетісайдың қырықабаты экспортқа кетіп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 15:51
Түркістанда балық шаруашылығы жақсы дамып келеді

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08