Мемлекеттік қызметшілер қандай төлемдер мен бонустар алады?

Еркежан АРЫН

16.09.2021, 13:30

744

       Маусым айында мемлекеттік қызмет туралы заңға өзгерістер енгізілді, құжат жобасы Ашық құқықтық нормалар порталында орналастырылған.

Қазақстанда саяси қызметкерлерге төленетін үстемеақылар, әкімшілік қызметшілерге бонустар олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша анықталмақ. «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңына осындай өзгерістер енгізілуі керек деп жоспарлануда. Өзгерістер мен толықтырулар жобасы Ашық НҚА порталында орналастырылған.

       «Заң жобасын қабылдау нәтижесінде саяси қызметшілерге, әкімшілік қызметкерлерге бонустар олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша анықталатын болады. Үкімет қаулысының жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді», – дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова.

        Сонымен, заңға келесі ұғымдарды енгізу жоспарлануда:

— біржолғы ақшалай сыйақы – ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге белгіленетін ақшалай төлем болып табылатын ынталандыру түрі;

— біржолғы ынталандыру төлемі – мемлекеттік, кәсіби, басқа да мерекелер мен мерейтойларды мерекелеуге орай, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге белгіленетін ақшалай төлем болып табылатын қызметкерлерді ынталандыру түрі;

— сыйлықақы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшінің өз қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгілейтін ақшалай төлем.

        Сондай-ақ бонустар төлеу туралы тармақты өзгерту ұсынылған. Оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен саяси мемлекеттік қызметшілері ала алады. Қолданыстағы заңда бонусты «мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша ала алады» делінген.

       Заң жобасы мәжілістің қарауына шығарылады. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» іске асыру бойынша Жол картасын іске асыру аясында өзгерістер енгізу жоспарлануда.

       Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері бонустар, сыйлықақы, ынталандыру төлемдері, оқыту, ротация, лауазымды төмендету немесе жұмыстан босату туралы шешім қабылдауға негіз болатынын түсіндіреді.

        Бонустарды, сыйлықақыларды, біржолғы ақшалай сыйақыларды, біржолғы ынталандыру төлемдерін төлеудің тәртібі мен шарттары, мемлекеттік қызметшілерге материалдық көмек көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларына үстемеақыларды  ҚР үкіметі президент әкімшілігімен келісім бойынша белгілейді.

       Маусым айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова мемлекет басшысына мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту және факторлық-балдық шкаланы енгізу бойынша жұмыс туралы баяндады. Тиісті басқарма басшысының айтуынша, факторлық-балдық шкалаға көшудің пилоттық жобасы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға және қызметкерлер тұрақтылығының жоғарылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, бір бос орынға үміткерлер саны орта есеппен 2,6 есеге өсті. Мемлекет басшысы жаңа жүйені енгізуге функционалдық талдауды жалғастыру қажеттігін көрсетіп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 22.10.2021, 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31