Мұхтар Оразбаев, Қазалы ауданының әкімі: Жылды табысты қорытындылап отырмыз

Миуа БАЙНАЗАРОВА

16.11.2021, 17:00

654

– Мұхтар Әуесұлы, Қазалы өңіріне әкім болып келгеніңізге алты айдай уақыт болды. Бұл аз уақыт емес. Не бітті, не бітпеді, алда қандай жоспарларыңыз бар? Бөлісе отырсаңыз...

– Ең алдымен барша халықты Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын!  Тарих үшін 30 жыл аз уақыт болғанымен, егемен еліміз үшін еңселі кезеңге айналды. Қасиетті Қазалы өлкесі де Тәуелсіздіктің 30 жылдық тойына толымды табыстармен жетіп отыр. Жыл басынан бері өзекті мәселелердің түйіні тарқатылып, бірқатар шаруаның шешімі табылды. Мұның бәрі, әрине, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталып жатыр. Ең бастысы, аудан экономикасы жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, жыл басында аудан бюджеті 21,6 млрд теңге болып бекітілсе, тоғыз айда 22,9 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде өз кірістеріміз 1,9 млрд теңгені құрады. Негізінен, аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтудың бірден-бір көзі – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Осы орайда, жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындарында12,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінің үлесінде. Биылғы тоғыз айда бұл салада 10,7 млрд теңге көлемінде өнім өндірілді.

         Бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5608 бірлікті құрады. Алғашқы тоғыз айда 1047 кәсіпкер тіркелді. Бұл 2020 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 390 кәсіпкерге артық. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі жұмыс істеп тұрғаны 5280 бірлікті құрап, кәсіпкерлердің белсенділік көрсеткіші 94,2 пайызға жетті. Ағымдағы жылдың тоғыз айында түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында 723 адам 2,9 млрд теңге қайтарымсыз грант пен несие алды. Жыл басынан бері аудан аумағында 13 кәсіпкерлік нысан пайдалануға беріліп, 63 адам жұмыспен қамтылды. Жаңа өндіріс орындарын көбейту мақсатында ашылған «Өндірістік аймақта» жалпы құны 152 млн теңгені құрайтын алты жоба жүзеге асырылуда. Тағы бір жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Өндірістік аймақ» аумағына жетіспейтін инфрақұрылым түрі – газ желісінің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен 1,7 млн теңге қаржы бөлінді.

         Былтыр облыс әкімінің тапсырмасымен әзірленген «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі даму жоспарына» сәйкес, Қазалы ауданы ауыл шаруашылығы саласына негізделген топқа іріктелді. Биыл жоспар аясында ауданнан іске асырылатын жалпы құны 979 млн теңгені құрайтын18 жоба жоспарға енгізілді. Бүгінде ұсынылған 18 жобаның ішінде 15-і жүзеге асырылды. Қалған үш жоба жыл соңына дейін толығымен іске асырылады деп жоспарлануда. Жыл аяғына дейін 1,1 млрд теңгенің жобалары қаржыландырылып, 30-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.

– Биылғы құрғақшылық ауыл шаруашылығының жағдайына алаңдатып қойды. Осы орайда, ауданның ауыл шаруашылығы қалай дамуда?

– Біздің аудан ауыл шаруашылығына бейімделген аймақ. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары көктемдегі құрғақшылық пен Сырдария өзеніндегі су тапшылығына қарамастан, жылды табысты қорытындылап отыр. Қазалылық диқандар уақытты тиімді пайдаланып, ұйымшылдықпен астықты ысырапсыз жинап алды. Қырмандар қызылға толып, елдің ырысы артты. Биыл 6587 гектар күріштің әр гектарынан 44,9 центнерден өнім жиналып, ел қамбасына29,5 мың тоннадан астам астық құйылды. Бұл зор жетістік, үлкен нәтиже, барша аудан халқының ынтымақты тірлігінің жемісі. Қазалы ауданы облыста жыл қорытындысымен жеңімпаздар қатарынан көрініп, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін биыл екінші рет қатарынан «Озат аудан» номинациясымен марапатталды. Ал Медеу Есқожаев басқаратын «Агро Өркен» ЖШС егін егу маусымында мол өнім алған күрішшілерге екі су жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Одан бөлек, екі диқанға – 500 мың, бір бригадирге 1 млн теңге ақшалай сыйлық тапсырды.

 Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы саласында 13,2 млрд теңге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайыз өсім қалыптасты. Жыл басынан бері бұл салаға 403,2 млн теңгеден астам субсидия төленіп, 519,7 млн теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында жаңбырлатып суару әдісі өз маңыздылығын көрсетті. Осыған орай, «РЗА» АҚ-ның су үнемдеу технологиясы арқылы мал азықтық дақылдар өсіру жобасы қолға алынып, 87 гектар жерге сүрлемдік жүгері дақылы орналастырылып, өнім жиналды.

Мал шаруашылығына келсек, төрт түліктің барлық түрінде өсім бар. Қазір аудандағы мал басының басым бөлігі, яғни 65,2 пайызы жеке тұлғаларда, 2,5 пайызы ауылшаруашылық кәсіпорындарында, 32,3 пайызы шаруа қожалықтарының үлесінде. «Нәтижелі жұмыспен және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында тоғыз айда 50 жеке кәсіпкер 169,9 млн теңге несиеге 448 бас мал сатып алды. Сонымен қатар 54 шаруа қожалығы 706 млн теңге несие алып, 4570 бас мал сатып алды.

Ауданның инженерлік-инфрақұрылымын дамыту мәселесі басты назарда. Себебі жер кезегінде тұрған тұрғындар саны жыл өткен сайын көбейіп келеді.  Бүгінгі күні инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелерден 306 адамға жер берілді. Аудан бойынша 11 018 тұрғын жер алу үшін кезекте тұр. Тоғыз айда 33 675 шаршы метр  175 тұрғын үй салынып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106 пайызға орындалды. Баспана мәселесін шешу үшін көптеген жобалар қолға алынған. Биыл аталған мәселені шешу үшін жалға берілетін үйлерді сатып алуға 388 млн теңге қаржы қаралды. Бұған көлемі 60 шаршы метрден кем болмайтын 35 тұрғын үй сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ өткен жылы республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Әйтеке би кентінен бірқабатты төрт пәтерлі 10 тұрғын үй салынды. Қазіргі таңда ауызсу, газбен, электрмен жабдықтау жұмыстары толығымен аяқталып, абаттандыру жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқтау межеленуде. Сонымен қатар биыл «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу үшін 280 млн теңге қаралды. Бүгінгі күнге дейін бағдарлама шеңберінде 65 маманға, оның ішінде білім саласынан 32 маманға, денсаулық саласынан 26 маманға, спорт саласынан төрт маманға, агроөнеркәсіп кешені бойынша үш маманға тұрғын үй сатып алынды.

– Үкіметте ауылдарды таза ауызсумен қамту мәселесі жиі көтеріліп жатады. Өңірде бұл мәселе қалай шешілген?

– Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Биыл Жанқожа батыр және Майдакөл ауылдарындағы тұрғын үйлерге сервистік ауызсу желісі қосылды. Егер қаржы мәселесі шешімін тапса, Әйтеке би кенті мен Байқожа елді мекені аралығында 63 шақырым магистральдық желі тартылып, жол бойындағы алты елді мекенге ауызсу барады. Қазалы ауданы бойынша Әйтеке би кенті мен Ғ.Мұратбаев ауылы көгілдір отынның игілігін көруде. Қазіргі таңда Қазалы қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Газдандыру жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтап, Қазалы қаласының тұрғындарын осы жылдан бастап газбен қамтамасыз етеміз деп жоспарлап отырмыз. Ендігі кезекте Жалаңтөс батыр, Қашақбай Пірімов және Басықара ауылдарын газдандырудың жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, сараптама қорытындысын алу үшін 22,6 млн теңге бөлінді.

– Аудан тұрғындары сіз әкім болып келгелі жолдарымыз жақсарып қалды дейді...

– Иә, ауыл арасындағы жолдар мен елді мекен көшелерін жақсартуға көңіл бөліп жатырмыз. Биыл бөлінген 3,1 млрд теңгеге аудандық маңызы бар 50 шақырым жол мен 40 көше жөнделуде. Әйтеке би кентіндегі 19 көше мен Қазалы қаласындағы 10 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, ауылдық елді мекендегі 11 көше жөндеуден өтуде. Сонымен қатар өткен жылдан бастап қала мен кенттің екі аралығындағы жолды кеңейту жұмыстары басталды. Қазіргі таңда екі темір-бетон көпір мен екі су өткізгіш құбырлар қайта жаңғыртудан өткізіліп, жолдың негізгі қабаты күшейтілуде. Бұл үшін бюджеттен 1 млрд 341,8 млн теңге қаржы бөлінді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Әйтеке би кентінде екі көше қайта жаңғыртудан өтеуде. Сонымен қатар «Аймақаш» ықшамауданынан автомобиль жолы салынуда. Ең бастысы, осыдан үш жыл бұрын басталған, Кәукей ауылына баратын автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ Қарлаң көпірінен Қожабақыға дейінгі, Қазалы қаласы мен Әлсейіт көпіріне дейінгі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, Отгон мен Тасарық, Әйтеке би кенті мен Басықара, Бекарыстан би – Майдакөл – Түктібаев және Бекарыстан би мен Жаңақұрылыс елді мекендеріне тиесілі 64 шақырым жолды жөндеу үшін бес жоба дайындалып, қаржыландыру үшін автомобиль жолдары комитетіне бюджеттік өтінім тапсырылды. Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы сапасын жыл қорытындысымен 75,6 пайыздан 80,3 пайызға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

Біз ауданда салауатты өмір салтын ұстанатын жандар мен жастардың қатарын көбейтуге, бұқаралық спортты дамытуға міндеттіміз. Тұрақты түрде спортпен шұғылданушылардың саны 23 743 адамға жетіп, жалпы халық санындағы үлес салмағы 30,4 пайызды құрады. Биылғы тоғыз айда 113 спорттық іс-шара өткізілді. Жерлестеріміз Қазақстан Республикасының спорт шебері (1), спорт шеберлігіне үміткер (3), І разрядты спортшы (2) нормативтерін орындады. Спорт түрлері бойынша қазалылықтар халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, 47 алтын, 53 күміс, 74 қола медальға қол жеткізді.

– Тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі қаншалықты?

– Әлеуметтік саланың дамуын жеделдету – біздің алдымызда тұрған ең негізгі міндет. Жыл басынан бері экономиканың түрлі саласында 1842 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 775-і тұрақты жұмыс орны. Өткен жылдың қорытындысы бойынша  жұмыссыздық деңгейі5 пайызға тұрақтады. 108 адам жастар тәжірибесіне, 1097 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді. Жыл басынан бері 10 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 267 жұмыссыз тұлға қатысып, 101 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Бүгінде аудан халқының 23,7 пайызы жастар. Биыл жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыруға 21,5 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл жастар арасында мәдени, спорттық шаралар, акциялар мен семинар-тренингтерді көптеп ұйымдастырумен бірге, жастар арасындағы жұмыссыздық пен қылмыстылықты азайтуға бағытталды. Өздеріңіз таныс болғандай, Қазалы ауданында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Алда күтіп тұрған іс те, жұмыс та жетерлік. Уақыт ағымынан, заман көшінен кейіндеп қалмау үшін осы міндеттерді тиянақты жүзеге асыруға бізде барлық мүмкіндік бар. Келешекте осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Тегтер: жұмыссыздық аудан жетістік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30