«Отбасылық сот» шаңырақты шайқалтпауды көздейді

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

17.08.2022, 14:42

684

Соңғы жылдары еліміздегі ажырасу көрсеткішінің күрт өсуі құзырлы орындарды да, үкіметті де алаңдатпай қоймады. Мамандар тарапынан түрлі ұсыныстар айтылып, нақты шаралар жасалып жатқанымен сынықты сылтау етіп, екі жаққа кетуді ғана ойлап тұратын ерлі-зайыптыларға тоқтам болмай тұр. Бұл орайда ажырасу процесі сотты айналып өтпесі анық. Сондықтан «Отбасылық сот» жобасын құру арқылы отбасыларды сақтауға еліміздің фемида өкілдері де тырысуда.

Атап айта кетсек, 2019 жылдан бастап елімізде «Отбасылық сот» жобасы қанатқақты жоба ретінде қолға алынды. Отбасыларды сақтау, ажырасуға тырысқан отбасы балаларының толық отбасында тәрбиеленуіне күш салу және оларға қиын өмірлік жағдайларда тегін құқықтық, психологиялық көмек көрсету, қоғам қамқорлығын сезінту, отбасылық құндылықтарды және ұлттық дәстүрлерді насихаттау, сондай-ақ ажырасуға арыз беретін ерлі-зайыптыларға психологиялық көмек көрсету, татуластыру арқылы неке бұзу санын азайту, дау­ларды балаларды моральдық күйзеліске ұшыратпай шешуге тырысу секілді мәселелерді шешуді басты мақсат еткен аталмыш соттың маңызы зор. Уақыт сұранысынан туындаған «Отбасылық соттар» өз деңгейінде жұмыс істесе қоғамымыздағы талай әлеуметтік мәселелер шешілері анық. Кейінгі кезде неке отбасы қатынасынан туындайтын дауларды «бір терезе» қағидатымен шешуге бағытталған «Отбасылық сот» жобасы, 2021 жылдың 11 қазанынан бастап кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудан­аралық сотында жұмыс істей бастады. 

Шыны керек соңғы жылдары ажырасудың көбеюімен қатар кейбір отбасылардың ажырасу кезіндегі күйзелісті жағдайларды көтере алмай, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол беруі, ажырасуға келісімін бермей өзіне қол жұмсауы немесе жұбайына қол жұмсап, өлімші хәлге жеткізуі, ажырасқан отбасы балаларының көбеюі, төленбеген алимент санының еселеп өсуі секілді қордаланған мәселелер бұл салада қандай да бір кешенді жұмыстар жүргізілуі қажет екенін сезінткен еді. Сондықтан дер кезінде қолға алынған «Отбасылық сот» қанатқақты жобасынан көпшіліктің күтер үміті зор болып отыр. Алғашында еліміздің 51 сотындағы «Отбасылық сот» жобасына 107 судья жұмылдырылып, олар отбасын сақтап қалуға және олардың құқықтық проблемаларын шешуге бел шешіп кіріссе, кейін олардың саны арта түсті. Өйткені шағын мемлекет саналатын отбасыларды сақтау күрделі жұмыс екенін аңғартты. Сондықтан уақыт сұранысына сай жоба әлі де болса жетілдіріліп келеді.

Өйткені бұрын «Қызға қырық үйден тыйым» дейтін халқымыз бүгінде қайтып келген қызға, тастанды балаға таңданбайтын жағдайға жетті. «Ажырасқан жалғыз сен емес» деген бір ауыз сөз олардың санының еселеп өсуіне алып келуде. Тәрбиеге терең мән берген халқымызға ажырасу, тастанды бала, жалғызбасты ана деген түсінік жат болса, қазір осы бір ұлттық тәрбиенің азайғанын сезініп отырмыз. Отбасылық құндылықты бірінші орынға қойып келген елде қазір ажырасудың көбеюі бұл мәселеге қатысты нақты жобалар қажет екенін аңғартты. Сондықтан қазір бүкіл қоғам «Отбасылық соттардан» үлкен үміт күтіп отыр.

Осы орайда айта кетер жайт, ажырасу тек некені бұзумен, ерлі-зайыптыларды екі жаққа бөлумен шектелмейді. Оның бір ғана сот процесімен шешілуі мүмкін емес. Судья дауды мән-жайы бойынша шешіп қана қоймай, отбасыны сақтап қалу, ерлі-зайыптылардың ортақ мәмілеге келіп, олардың татуласуына шара қолданады. Ал ортақ мүлікпен байланысты дауларды қарауда тараптармен әңгімелесу медиатордың қатысуымен жүргізіледі. Некені бұзудың арты алимент өндіру, баланың кіммен қалатынын анықтау, ортақ мүлікті бөлу секілді көптеген сот процестеріне ұласады. Бұрын заң аясында әрекет етіп, ерлі зайыптыларды екі жаққа жіберіп қана отыратын соттар қазір мүмкіндігінше некені сақтауға тырысуда.

Өкінішке қарай, көп жағдайда ерлі-зайыптылар ажырасуды барлық мәселенің түбегейлі шешімі деп қабылдайды. Алайда бар мәселе ажырасудан соң туындайтынын түсіне бермейді. Сот процесі кезінде өз мәселелерін шеше алмай, өз бастарымен қайғы болып жүрген ерлі-зайыптылардың бұл кезде балаға қарауға, тәрбиеге көңіл бөлуге уақыты да қалмайды. Қиыс жолға түсіп, құқық бұзған кәмелетке толмағандардың 90 пайыздан астамы толық емес отбасында тәрбиеленген ұрпақ екенінің бір дәлелі осы. Өз мәселелерін шеше алмай, балаларға тіпті бас ауыртпайтын ата-аналар ажырасу кезінде бала алдындағы жауапкершілікті ұмыт қалдырып жатады. Сондықтан олардың санасын оятып, райынан қайтаратын отбасылық соттар өте қажет,  дер кезінде қолға алынған жоба болып отыр.

Ажырасам деп тас-түйін бекініп келген азаматтарды ақылға шақырып, отбасының бұзылмауына ықпал ету оңай шаруа емес. Дегенмен сот тарапынан бұл бағытта жасалып жатқан шаралар да жетерлік. Бүгінде некеге тұрғысы келген жастарға АХАТ мамандары арнайы сабақ өтіп, отбасы құрудың жауаптылығын, ұрпақ тәрбиелеудің маңызын түсіндіретін дәрістер ұйымдастыруда. Яғни ажырасудың алдын алу мақсатында некеге тұрмастан бұрын да жас жұбайлармен жұмыстар жүргізілу үстінде. Сондықтан алдағы уақытты ажырасудың азаяры анық.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 15:56
Өнерлі балалар – болашақтың алтын діңгегі
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:49
Қашан 27 миллион қазақстандық болады?
Еркежан АРЫН 22.09.2022, 14:53
«Дәрмек» операциясы аясында еcірткі лабораториялары табылды
Б.СӘРСЕНБІ 21.09.2022, 16:38
Шымкент – туристер көп келетін қала
Бифат ЕЛТАЕВА 20.09.2022, 13:16
«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор
Б.СӘРСЕНБІ 19.09.2022, 08:49
Жаңа әкім бақылауды күшейтті

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41