Полицейлермен карта ойнап ұтылған жігіт өзіне өзі қол жұмсады (видео)

Сайт әкімшілігі

27.12.2020, 10:03

2984

Алматы облысының тұрғыны полицейлермен карта ойынынан жеңілген соң, асылып қалған.

24.12.2020 жылы сағат 16:00 шамасында Ақсу аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Д.С. (жұмыссыз, үйленген, баласы жоқ) өз үйінің гаражында асылып, суицид жасағаны туралы хабарлама келген.

Аудандық полиция бөлімшесінде (АПБ) бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі бойынша 201932031000545 нөмірімен тіркелген. 2020 жылдың 25 желтоқсанында сағат 01.15 шамасында Ақсу ауданы әкімдігінің алдына  АПБ бастығының бірінші орынбасары Бағлан Байжұманұлы Байжұмановқа (АПБ бастығының қызмет жөніндегі орынбасары), сондай-ақ АПБ бастығының орынбасары Жомарт Төлебайұлы Бекішевке (тергеу жөніндегі орынбасары) шара қолдану туралы талаппен 80-ге жуық адам (20-30 жас аралығындағы ер адамдар, қайтыс болған Д.С.-ның достары) жиналды.

Олардың айтуынша,  23.12.2020 түні олар «Ази» карталарын ойнаған, содан кейін Д.С. жоғарыда аталған АПБ қызметкерлеріне 300.000 теңге көлемінде қарыз болып қалған. Сонымен қатар 24.12.2020 жылы түстен кейін Бекишев Ж.Т. ұялы телефонымен Д. С.-ға қоңырау шалып, 24.12.2020 жылы сағат 14:00-ге дейін 300.000 теңгені қайтаруды талап еткен,  нәтижесінде Д.С. өз-өзіне қол жұмсады.

Жергілікті атқарушы органдар жиналған адамдарды аудан әкімдігінің мәжіліс залына апарып, жоғарыда аталған АПБ қызметкерлеріне шара қолдану туралы аудан прокурорының атына ұжымдық өтініш жазды.

Сонымен қатар, жиналғандар аталған АПБ қызметкерлерін қызметінен босатуды талап етіп, оларды аудан әкімдігінің мәжіліс залына шақыруды талап етеді.

Тегтер: қылмыс жаза жәбірлеу азамат күдікті

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:45
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемде көш басында
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 13:15
Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты
Сайт әкімшілігі 25.07.2021, 16:55
Жөлек ауылында алғашқы дауыс берген адамға сыйлық берілді
Б.СӘРСЕНБИ 23.07.2021, 16:06
Батысқа көмек! Оңтүстік осындай ұранмен Маңғыстауға жемшөп жіберіп жатыр
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 12:44
Биыл Нұр-Сұлтанның қандай аудандары газдандырылады?
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.07.2021, 10:48
Аралда төтенше жағдай

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55