Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

24.11.2020, 16:57

1852

Оралға қыс келісімен тал егу «науқаны» қызу жүруде. Ала жаздай немен айналысқаны белгісіз мердігер мекеме «Жасұлан флора» ЖШС Зашаған кентінде ұшқындап жауған қармен қабаттаса тал-терек көшеттерін «қадауда».

Иә, қадауда деуімізде қателік жоқ. Арнайы киім киген жұмысшылар трактор қазған шұңқырларға тамырлары тарамыс боп қатып қалған жас көшеттерді жаппай «жайғастырып» жатыр. Кент әкімдігіндегілердің сөзінше, осы жерде 10 мың түп тал отырғызылуы тиіс. Мәссаған, безгелдек! Бұл қарқынмен қадай берсе «стахановшылардың» рекорды жолда қалары анық! Көз алдарындағы жойқын жұмысты қала тұрғындары да түсінбей дал.

«Әдетте қай теректі де қар түспес бұрын, суарып егуші еді. Белгілі бір параметрге сәйкес шұңқырын қазудың, оған қара топырақ себудің өзіндік ережелері бар екенін былайғы жұрт жақсы біледі. Көзіміз соқыр емес, бұл теректердің бәрі қалай болса солай егілуде. Олай дейтінім, егіліп жатқан шырғанақ (облепиха) ағашы әрі кеткенде қазан айының ортасына дейін отырғызылып, суарылып, қар түскенше тамырланып үлгеруі керек. Ал бізде қар түсіп, жер қатқанда жерге «қадап» жатыр. Енді аязда бәрі қақшиып, қатып қалады. Сондықтан, егілген теректің бәрі бірдей көктемде көктеп кететініне күмәнім басым»,-дейді кент тұрғыны Ләззат Шағатай.

Әрине, атқамінерлердің айтары белгілі. Мердігермен арада үш жылға келісімшарт бар, осы мерзімде олар жауапты дейтіні анық. Оған құлағымыз үйренген. Тек мұның астарында жаз бойы шөп басын сындырмаған мердігер тарапынан қыс келгенде жанталаса егілген теректермен бірге жыл аяғына дейін бюджет қаржысын тез игеру мақсаты жатқан жоқ па екен?!

Тегтер: тал егу қаражат жоспар жұмыс тендер мемлекеттік сатып алу мердігер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20