Қарағанды әуе базасы жойғыш ұшақтармен толықты

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

24.12.2020, 09:46

485

Қарағандыдағы Нүркен Әбдіров атындағы әуе базасына,  Ресейден «Су-30 СМ» ұшақтарының жаңа  звеносы келді.  Әуе көліктерін Иркутскідегі  авиация зауытының тәжірибелі сынақшы- ұшқыштары жеткізді.  Жауынгерлік  техниканы тапсыру салтанатында сөз алған ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев:

-Жаңа әскери техника Қазақстанның Қарулы күштерін қайта жарақтандыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.  «Су-30 СМ»-ның  маневрлік  әр тарапты жойғыштары  әуе мен жердегі нысандарды анықтауда,  әскерилер мен  әскери кешендерді қорғауды  мейлінше арттыруда септігі зор.  Осындай заманауи  ұшақтың қуаттылығы арқасында,   қарулы күштердің жауынгерлік әлеуеті  нығаяды-деді, еліміздің қорғаныс саласының басшысы.

Жаңа буынды жойғыш ұшақ тәуліктің кез-келген уақытында, барлық ауа-райы жағдайында әрекет етеді.   Әскери ұшақтың әлеуеті зор. Ол  жаудың ұшақтарына тойтарыс беріп,  жердегі  нысандарды  жойып қана қоймай,  әуе барлауын жүргізіп, басқа ұшақтарға мақсат қоя алады.   Ол ұзақ қашықтыққа ұшуға және жерге қонбастан  аспанда жанармай құю мүмкіндігіне ие. Ресейлік сынақшы-ұшқыш Максим Колюшиннің айтуынша,  «Су-30 СМ» әлемдегі ең озық әрі тиімді әскери техника.

-2012 жылы осы ұшақтың небары екі данасы құрастырылды.  Мен осы көлікпен сол кезден бері ұшып келемін.  Төл өнімімізді сенімді  қолға  бергенімізге қуаныштымыз.  Қазақстандық ұшқыштармен  біздің достығымыз берік-деді,  кәсіби маман.

Қарағанды әуе базасының ұшқыштары мен инженерлік –техникалық  құрамы Талдықорғанда одан  кейін,  өнім шығарылған зауытта қайта оқудан  өтіп келді.  Аталған құрамға  осы тектес ұшақтарды жүргізуге және қызмет көрсетуге рұқсат берілді.

-Қайта оқыту  теория және тәжіребие  түріндегі  екі кезең бойынша өтті.  Мен  2015 жылдың  тамыз айында   ұшақ тізігініне отырып,  тұңғыш рет   әуеде  ұштым.  Сол күннен бастап аспанға ғашық болып,  өмірімді авиацияға арнауды ұйғардым-дейді,  жас ұшқыш Темірлан Бәйменов.

Айтулы оқиғаға қатысқан  облыс әкімі Жеңіс Қасымбек  әскерилерге амандық-саулық,  ашық аспан және отан қорғау  жолындағы қызметтеріне сәттілік  тіледі. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.05.2022, 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.05.2022, 22:59
Қайырымдылыққа зәру бала көп
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 26.05.2022, 22:55
Сот жүйесінің өзгерісі халық көңілінен шығуда
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47