Қарағандыда құрастырылған автобустар сапарға шығады

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

03.05.2021, 10:55

1761

Жақында Қарағандылықтар шахар көшелерінен  Сарандағы «QazTehnа» зауытында құрастырылып шығарылған  жаңа автобустарды көретін болады.  «1-Таксокомбинат»  мұндай мүмкіндікке "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жеңілдетілген лизингтік бағдарламасының және облыс әкімдігінің қолдауымен қол жеткізген. Бірінші кезекте автобустар  екі, одан кейін төрт бағытқа шығарылады. Сыйымдылығы 50 жолаушыны құрайтын қоғамдық көлік барлық заманауи талаптармен қоса «Евро-5» экологиялық санатына сәйкес келеді. Заманауи  көлік түрі мүгедектерге арналған пандустармен балалы жолаушыларға арналған орындармен, сондай-ақ  кондиционерлермен жабдықталған.  Осындай жаңа автобустың  Жезқазғанға да  жөнелтіледі. Сондай-ақ облысішілік, ауданаралық рейстерге сапарға шығады.

– «Биыл Саран қаласы бойынша 15 жаңа автобус қатынайтын болады. Қазір Жезқазғанға 30 жаңа автобус жеткізіледі деп күтілуде. Олар Саранда жасалады. Сонымен қатар ауданаралық және облысішілік рейстерге шығамыз»– деді Жеңіс Махмұдұлы.

Аймақтағы автопарктерді жаңа техникамен жабдықтау ісі енді іркіліссіз жүрмек.  Маусым айында қарағандылық «Рейс» ЖМ тасымалдаушысына да  16 жаңа автобус жеткізіледі.

Тегтер: автобус қоғамдық көлік қызмет кәсіпорын

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17