Қарашаңырақтағы кездесу

Сайт әкімшілігі

24.11.2020, 22:26

285

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, білім шаңырағының ұстаздар қауымымен жүздесті.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының хабарлауныша, кездесу аясында Шыңғыс Жұмабекұлы ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаевамен және оқу ордасының ұстаздарымен университеттің жетістіктері, алдағы жоспарлары, сондай-ақ білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі туралы пікірлесті. 80 жылдан астам тарихы бар оқу орны бүгінде еліміздің оңтүстік өңіріндегі жаңа формациядағы педагогтер даярлайтын жетекші оқу, ғылыми, әдістемелік және мәдени орталықтардың қатарына кіреді.

Қала әкімінің бірінші орынбасары университетті аралау барысында үйірмелердің жұмыс барысымен танысты. Оқу ордасындағы Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығында 2016 жылдан бастап 9 үйірме ақысыз жұмыс істейді. Қазіргі қашықтан оқыту бойынша 150 студент үйірмеге қатысады. Жалпы 500-ге жуық студент үйірме мүшесі атанған.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ОҚМПУ-дағы 6 факультетте 23 мамандық бойынша 5 мыңнан астам студент білім алуда. Университетте 19 кафедрада жалпы саны 354 адам, оның ішінде 262 штаттық оқытушы жұмыс істейді. Олардың ішінде 20 ғылым докторы, 158 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы және 65 ғылым магистрі бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 09:00
49 миллион теңгенің алтынын әкеткен күдікті ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.11.2021, 11:42
Елордалық дәрігерлер Түркістанға келді

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30