Қарғандыда қолдағы рухани қазынасын өзгеге сыйлауды жөн көретін жандар артып келеді

Сайт әкімшілігі

15.06.2022, 10:42

2408

Бүгінгі қоғамда жұрттың кітап сатып алуға қауқары жоқ. Қарғандыда қолдағы рухани қазынасын өзгеге сыйлауды жөн көретін қайырымды жандар артып келеді. Қарағандылық кітапсүйер қауымның осынау бастаманы қаладағы кітапханаларға да шапағын тигізіп отыр. Осы ілкімді істің нәтижесінде,  Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы кітапхана ауласында «Жазғы оқу қаласы» акциясы шарасын ұйымдастыруды қолға алған.

-Маусым айында басталған акция 25-тамызға дейін аптасына екі рет өткізіледі. Онда кітапханашылар кітапхананың ашық алаңына түрлі әдебиеттерді  оқырман талғамына ұсынады. Олардың арасында әртүрлі жанрдағы және салалық кітаптар, көркем әдебиеттер, фантастикалық шығармалар бар. Осы орайда, көпшіліктің көкейінде кітапхананың қорын талан-таражға салып жатыр ма деген сауал туындауы заңды. Ол кітаптарды бізге оқырмандарымыз, басқа жаққа қоныс аударшы тұрғындар әкелген. Тіпті, қолындағы кітабын бірнеше рет оқыған зейінді адамдар да сыйлап жатады.

Олжаға келген кітаптарды әуелі іріктеуден өткіземіз. Кітапханаға қажетті қазыналарды өзіміздің қорға өткіземіз, ал өзімізде бар әдебиеттерді акцияға шығарамыз. Осындай мүмкіндікке кітапсүйер қауымның арқасында қол жеткізіп отырмыз. Қаламызда кеңпейіл кітапқұмар жандардың көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Биылғы «Жазғы оқу  қаласы» шарасының алғашқы  күні 40 оқырман келіп, таңдаған әдебиеттерін алып кетті. Олардың арасында  кітапты үйге алып қалғандары бар, оқып қайта әкеп жатқандар да кездеседі,-дейді кітапхана басшысының орынбасары Гауhар Үмбединова.

Айта кету керек, кітапқұмар жандарға арналған шара 2013-жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басталған. Былтырғы өткен акцияға 500 оқырман келіп, оларға екі мың кітап тарту етілген. Өткен жылы ерікті тапсырушылардан  5 мың кітап жиналған. Биылға дейін соның тең жартысын оқырмандар алып кеткен.

Тегтер: РУХАНИЯТ АҚИҚАТ ПАЙЫМ ПІКІР

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 01.12.2022, 17:59
Балық экспортының үлесі мол
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 01.12.2022, 15:32
Өңірде жаңадан 21 мектеп салынады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 01.12.2022, 14:28
Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы алдыңғы қатарда
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 08:59
Астанада бір жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 08:54
Шымкентте 600-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2022, 08:43
Мұғалім мәртебелі ме?

Аңдатпа


  • Бүгін Екібастұз. Ертең қай қала?
    09:00
  • Хрущев салған үйлерді Досаев жаңғырта ала ма?!
    08:57
  • Қазақтың құны: тазыдан төмен, төбеттен сорлы
    08:52
  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    01.12.2022, 09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    01.12.2022, 08:59