22.11.2020, 18:51
167
«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуына орай үшінші мегаполистің Этнопаркінде дәстүрлі мәдениет және ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Ұлы Жібек жолының бойындағы көне қаланың өзіне ғана тән ерекшеліктерінің бірі, ол – тарихи өзегін сақтап қалғандығы екені айтылып келеді. Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен өткен көрме де сол бабадан қалған ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қастерлейтін іс-шара.
Аталған мекеме директоры Сұлтан Сраиловтың айтуынша, бұл көрменің мақсаты ата-бабалардан жалғасып келе жатқан қолөнерді көрсету.
– 2200 жылдық тарихы бар Шымшаһарымызда мәдениеттің гүлденіп дамығанын айдай әлемге айшықтап айтып жатырмыз. Қаламыздағы ағаштан түйін түйген, күмістен арқан ескен шеберлерді шақырып, көрме ұйымдастырдық. Бұл өскелең ұрпақ ата-бабаларының немен айналысқанын біліп, көкірегіне түйіп өссе, соған мақтанатындай білімді болса деген ниеттен туындап еді, — дейді С.Сраилов.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР