Қонаев қаласында Алматы облысы активінің отырысы өтті

Сайт әкімшілігі

02.08.2022, 20:21

981

Бүгін Қонаев қаласында Алматы облысы активінің отырысы өтті, жиын барысында жаңа прокурор мен Алматы облысы полиция департаментінің бастығы таныстырылды, деп хабарлайды өңірлік баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев актив отырысында  облыс орталығын Талдықорған қаласынан Қонаевқа көшіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Одан кейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев Алматы облысының жаңа прокурорын таныстырды.

«Мемлекет Басшысымен келісім бойынша Бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Берік Абызбайұлы Адамов Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды», — деп хабарлады Тимур Ғазизбекұлы.

Сонымен қатар, Бас Прокурордың бірінші орынбасары өңірдің қадағалау органының жаңа басшысының алдында тұрған міндеттерді, соның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігі, шекара маңындағы аудандарда тәртіп орнату мәселелерін атап өтті.Айта кетейік, Берік Абызбайұлы бұған дейін Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.Одан кейін Алматы облысы полиция департаментінің жаңа бастығын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қажаев таныстырды.«Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша және ІІМ министрінің бұйрығына сәйкес Аленов Бауыржан Төлегенұлы Алматы облысы ПД бастығы болып тағайындалды», — деді министрдің бірінші орынбасары.Бауыржан Төлегенұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Өз кезегінде Марат Сұлтанғазиев құқық қорғау және қадағалау органдарымен бірлесіп, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізілетініне сендірді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.08.2022, 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49