Қоныстанушылардың 30 пайызы –түркістандықтар

Сайт әкімшілігі

02.04.2021, 21:28

775

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асқан 5 жылда ШҚО, СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарына 20 мыңнан астам адам қоныс аударған болса, оның 6 мыңдайы немесе 1700-дей отбасы – Түркістан облысының тұрғындары. Мұндай мәліметтер «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының мәжіліс залында еңбек күші жетіспейтін Солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінен тұрғындарды көшіру мәселесі талқыланған жиын айтылды. Zoom жүйесі арқылы өткен жиынға Түркістан, СҚО, ШҚО, Қостанай мен Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары мен жауапты өкілдері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары қатысты.

-Біз көшуге ниет білдірген азаматтарға көмектесу, осы бағытта ақпараттық және түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жандандыруымыз керек. Әрбір азамат Солтүстікке қалай көшу керектігін, оларға мемлекеттен қандай қолдау болатынын білуі тиіс,-деді жиынға модераторлық еткен  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Бейсенбай Тәжібаев.

Көші-қон саласына үлес қосып жүрген белсенді азамат «Евроремонт сервис» ЖШС-ның директоры Жаңабай Ағабеков: «Қоныстанушылардың несие қарызына 6 айға дейін каникул берілсе, өңірлердің ерекшелігімен таныстыратын бейімдеу орталықтары ашылса, әр ауылға кем дегенде 5-10 отбасыны бірге қоныстандырса, көш жанданар еді. Қазірдің өзінде Түркістан облысынан көшуге ниет білдіріп отырған азаматтар жетерлік», – деді. Ал Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов «Еңбек» бағдарламасы бойынша қоныстанушылардың 30 пайызы Түркістан облысының тұрғындары екенін баяндады. Оның мәліметінше, атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері Түркістан облысынан 36 отбасы, 117 адам қоныс аударған. Жалпы 5 жыл ішінде Түркістан өңірінен көшкендердің 2286-сы жұмысқа қабілетті болса, оның 1545-і тұрақты жұмыспен қамтылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 14:45
"Зорлау фактісін біле тұра жасырған" - мектеп директоры сот алдына келді
Мариям МАҚСАТ 16.04.2021, 10:32
«Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
Нұрболат ӘЛДИБЕК 16.04.2021, 10:01
«Өз еркіңмен қызметіңнен кет деп жатыр»
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 15.04.2021, 11:50
«Солтүстікке көшсек» дегендер жетерлік
Тілек ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ 14.04.2021, 20:36
Жасыл экономика сән бе, әлде қажеттілік пе?

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24