Қырғыз базар жаңа кейіпке енеді

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 09:37

322

Шымкент қаласындағы Қырғыз базар жаңа кейіпке енеді. Жерасты автотұрақтары, жеке павильондар мен хамам моншасы – жаңарған «QYRGY BAZAR» аумағында осының барлығы болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көтерме және бөлшек сауда орталығы ретінде қызмет көрсететін «Қырғы базарда» бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен базар алдына гүлзар салынған. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай туғызып отыр.

Жаңғырту жобасына сәйкес, базар аумағы 30 мың шаршы метрден 85 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылмақ. Оған 5 млрд. теңге инвестиция салынады.

Жоба бойынша базарда үш қабатты және бес қабатты сауда павильондары болады. Олардың әрбірінде жерасты автотұрағы қарастырылған.

Инвесторлардың айтуынша, тауардың әрбір түріне жеке аймақ бөлінеді. Кептірілген жемістер, кондитерлік өнімдер, көкөніс, сүт және нан өнімдері бар сөрелер орталық алаңның айналасында орналасады. Ал, жеке павильондарға тұрмыстық техника, құрылыс материалдары және үйге қажетті басқа да тауарлар қойылады.

Сондай-ақ, жүк сақтау камералары, қоймалар, хамам моншасы, балалар алаңы, 600 орындық автотұрақ, тіпті қонақ үй үшін де орын қарастырылған.

Келер жылы жаңа базардың 40 пайызы пайдалануға берілсе, 2023 жылы жұмыс толығымен аяқталады деп күтілуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.10.2021, 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті
Б.ЕРНАЗАР 19.10.2021, 07:21
Жемшөп Шымкентте дайындалады
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31