29.01.2021, 10:45
2580
Қызылорда қаласындағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театрында шу шықты. Басшылықтан қысым көрген театр әртісі жұмыс орнында өзіне қол жұмсамақ болды. Нартай Бекежанов атындағы музыка драма театрында жеті жыл қызмет істеген әртіс Нұржан Қараманов желтоқсан айында шенеуніктерден көмек сұраған драма театрда диктатураның басым екенін айтып шағымданған, облыс басшылары уәдені үйіп-төгіпті, еш нәрсе шықпасын білгенді. Қараманов арызын қайтып алған. Алайда, керісінше басшылық ізіне түсіп “отырса опақ, тұрса сопақ” қылған. Нұржанның айтуынша: Бұл театрда актерлардың мәртебесі жоқ, бұл жерде актерлар өзбектер сияқты жұмысқа салып қояды. Қызметкер басшылыққа қарсы сөйлеп, пікір айтуға болмайды. Егер қарсы келе қалсаң, басшылықты командасымен жинап алып, директор қорқытып, үркітіп жұмыстан шығарып жібереді. Ешкім жұмыстан шыққысы келмейді. Өйткені, бәрінің де несиесі бар, бала-шағасы бар. Бәрі де қарсы келе алмайды. Бұл менің жан айқайым, сондықтан да қолымның тамырын кескіледім. Әрине, әріптестері де растап отыр. Ұжымды билеп төстеуге бейім басшылық құрамын толық өзгертуін, әділдік орнатуын талап етуде. Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымы Ұлыбритания, Шотландия, Түркия,Әзірбайжан, Татарстан елдерінде өткен халықаралық театрлар фестивальне қатысып, өнерпаздар алдыңғы қатарда болды. Театрдағы жастар тобының 9 жас маманы шығармашылық білімін жетілдіру мақсатында Орта Азия елдері ішінен алғаш рет Ресей Мемлекеттік театр өнері институтында (GITIS) білім жетілдіру курстарынан өткен.
Театр басшылығына қатысты басқарма тарапынан арнайы комиссия құрылып, тиісті мекеменің қатысуымен қызметтік тексеру жүргізілмек. Ішкі ахуалды қалпына келтіру мақсатында жол берілгені үшін театр басшысына еңбек заңдылығына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізуде. Дегенмен актердің жан айқайына облыстық әкімшілік құлақ түрсе екен?...
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР