29.03.2021, 09:35
846
Қызылордадағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылынан кетіп қалған үшінші қыз әлі табылмай жатыр.
Бұл жайында облыстық ПД криминалдық полция басқармасы мәлімет таратты. Полиция басқармасының «Жас Алашқа» жіберген хабарламасында " 2004 жылы 27 тамызда туған Ділдә Мұсабекқызы Нұғманова 25 наурыз күні түнгі 02:00 шамасында балалар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қызылорда облысының полиция департаменті қызға іздеу салады" делінген.
Белгілері: бойы — 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім. Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берген жөн: 8 (7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада үш жасөспірім қыздың жоғалып кеткен. Кейіннен қыздарды іздеуге еріктілер де қосылды. Арада біраз уақыт өткенде екі қыз Алматы қаласынан табылды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР