Салғырттық сан соқтырды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

12.03.2021, 15:26

1101

Қарағандыда адам өмірін арашалап қалуға Гиппократ антын қабылдаған дәрігерлер сотқа тартылады.      Қарағандылық дәрігерлердің басын дауға қалдырған қайғылы оқиға 2019 жылдың 5 қазанында орын алыпты. Бұл ақпаратты Ratel.kz сайты алғаш болып таратты. Қарағанды – Балқаш тас жолында Toyota мен Audi көлігі соқтығысып,  жол апаты болған. Неміс көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік қақтығысынан зардап шеккен 2004 жылғы  жасөспірім және  68 жастағы ер адам және оның 66 жастағы жұбайын  Мақажанов атындағы клиникаға жеткізген. Үшеуінің де жағдайы ауыр деңгейде болған. Ақ халатты жандар жасөспірімнің денсаулығын қарап, оны бірден ота жасауға алып кеткен. Ал көлік апатынан зардап шеккен 68 жастағы ер адам дәрігерлердің көмегін күтіп, уақыт жоғалтып алған.  Дәрігерлер оны қарайтын мамандар жетіспейтінін әрі операция жасайтын орынның бос емес екенін мәлімдеген. Ол ота жасату үшін төрт сағат бойы тосып, ақыр соңында ота жасалғанына қарамастан, өмірімен қош айтысқан.

     Дәрігерлер барлық ем-шараны жасауға тырысқанымен, әйел адам да көз жұмған. Марқұмдардың ұлы кейін «өз істеріне салғырт қарап, адамды өлімнен арашалай алмады» деп, дәрігерлерді сотқа беріп, қылмыстық істің қозғалуын талап еткен. Ол ауыр халде жатқан әкесіне төрт сағат бойы ота жасамай, күттіріп қойған 17 дәрігерді кінәлі деп есептейді. Енді бұл дәрігерлер күдікті ретінде сот алдында жауап беруі мүмкін. 

      Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл іс тергеліп жатқандықтан, қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. Облыстық сот болса дәрігерлер ісінің әлі сотқа түспегенін растады.       Жалпы, Қарағанды облысында білікті дәрігер мамандардың тапшылығы соңғы жылдары жиі көтеріліп келеді. Дәрігерлердің жетіспеушілігі жағынан Қарағанды облысы еліміз бойынша алдыңғы қатарда тұр.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58