Сарыағашқа биыл 100 мың турист келеді

Сайт әкімшілігі

11.02.2021, 10:16

160

Шипалы суымен әлемге танымал Сарыағаш шипажайына келіп ем алушылардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр Сарыағаш ауданына 85 мың турист келген. Ауданға келген туристерге 50-ден астам емдік сауықтыру шипажайлары, балалар шипажайы, балалар сауықтыру лагері, гольф клубы, 21 қонақ үй қызмет көрсетеді. Өткен жылы туризімді дамыту мақсатында жалпы құны 378 млн. теңге болатын төрт нысан іске қосылып, 60-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл туралы Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жоспар бойынша Сарыағаш ауданына 100 мың турист келеді деп жоспарлануда. Осы бағытты дамыту мақсатында жалпы құны 430 млн. теңге болатын үш нысан іске қосылатын болады деп көзделуде. Сондай-ақ, 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Биыл ауданның туристік индустриясының қазіргі жағдайын зерттеу жүргізу мақсатында және түгендеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жергілікті бюджеттен 10 млн. теңгеден аса қаржы қарастыру жоспарланып отыр.

Өткен жылы Сарыағаш ауданына 22 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылса, биыл ол межені 25 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар биыл ауданда бірқатар жаңа жобаларды іске қосу жоспарланған. Атап айтсақ, жұмыртқаға қорабын шығаратын цех пен минералды су құю зауыты құрылысының жобасын іске қосу қарастырылуда.

Биыл 30 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары (дүкен, асхана, тойхана, қызмет көрсету нысандары т.б.) іске қосылып, 3 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылуы жоспарда бар.

Бұдан өзге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына 2021 жылы 25 жобаға қолдау көрсетілмек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29