Сәтбаев тұрғындары судан тарықпайтын болды

Жезқазғандықтар оның игілігін көреді

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

28.08.2021, 10:25

824

Сәтбаев тұрғындарын ұзақ жыл  сергелдеңге салынған Есқұла су қабылдағышының құрылысы аяқталып қалды. Мұндағы күрделі жөндеу жұмысы 2020-жылы облыс әкімдігі мен экология министрлігінің тоқайласуымен қолға алынған еді. Су көзін қайта қалпына келтіру барысында,  су қабылдағыштан  әрі 63 шақырым қашықтыққа қосымша желі тартылды. Құбыр заманауи технология талабына сай төселіп, су жинау нысанына қосымша ұңғымалар тұрғызылды. Сонымен қатар, қаладағы сорғы, хлоратор станциялары мен қосылқы жабдықтар қайта жаңартылды. Мамандардың мәлімдеуінше, жерасты көздерінен алынған су санитарлық талапқа  сай  жабдықталған және  тіршілік нәрі енді  химиялық тазартуды қажет етпейді.  Қазіргі кезде жоба аяқталу шегіне жақындап қалды.

Айтпақшы, Есқұла су қабылдағышының іске қосылуы Жезқазған қаласындағы су тапшылығын да ішнара шешеді.  Мысты шарhарға  осы арадан жылы сайын 9 млн текше метр су жіберіледі. Ал, Жезқазғанды таза сумен қамтамасыз ету үшін  «Үйтас-Айдос» су желісін күрделі жөндеуден өткізу қажет. Облыс әкімінің  баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш жоба 2022 жылы басталып, 2024 жылы тәмамдалады деп жоспарлануда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39