Семейде Абай ұлдарының аты жоқ ескерткіші ашылды

Сайт әкімшілігі

15.10.2020, 09:42

2145

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семейге іссапары жалғасуда. Мемлекет басшысының аялдаған басты нысаны – Абай музейінің алдында «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» атты ескерткіштің ашылуына салтанатты түрде қатысқаны бүгінгі күннің басты олжасы іспетті. Алайда, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ескерткіш алдына барып тұрып, байқамай кеткен бір көріністің болғанын жасыруға болмайды.

-Біз Абай аманатына адал болуымыз керек. «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесінің берік орнығуы осыған байланысты.​

Ол үшін бүгінгі буын Абай мұрасынан нәр алып, рухани кемелденуі қажет.

Мына еңселі ескерткіш жас ұрпаққа тағылымды ой салуға тиіс.

Абай және оның сөзі мен ісін жалғаған парасатты перзенттері Ақылбай мен Тұрағұл (шын мәнінде –Тұрағұл-авт)– елге үлгі болған тұлғалар.

Мұнда ұрпақ сабақтастығы, әке мен баланың сыйластығы бейнеленген.

Бұл – Құнанбай қажы әулетінің тектілігін танытатын туынды.

Абай шаңырағының тағылымы – ұлт ұлағатының көрінісі,-деді президент ескерткіштің ашылу салтанатындағы сөзінде.

  Ақын музейінің алдынан жаңадан жарқыраған ескерткіш алдына барған Тоқаевтың ескерткіштегі жазуды назары шалғанымен, Абай Құнанбай ұлының ұлдары Ақылбай мен Тұрағылдың аты жазлмағанына мән бермегені қынжылтты. Бұл, Тоқаевтың жыл басталғалы алғаш келген сапары екенін ескерсек, оған дейін облыс әкімі Даниал Ахметов сан мәрте шапқылап жүргенін бұған дейін де сан мәрте баяндаған еді. Облыс әкімінің «ала жаздай ән салған» сол кездегі сапарының бірінде осы ескерткіштің ашылатыны Ахметовтің өз аузымен айтылып, эскизі ұсынылған болатын. Алайда, сол кезде Абай Құнанбайұлының қай балаларымен тұратыны да нақты көрсетілмегені есімізде.

   Ал, Ақылбай Абайұлы мен Тұрағұл Абайұлының қазақ әдебиетінде қандай із қалдырғаны айтпаса да түсінікті. Одан бөлек президенттің абайтанушылармен кездескені де әлеуметтік желіде көрініс берді. Оған ілікпей назардан тыс қалған абайтанушылар да бар екенін айта кеткеніміз жөн.

  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 09:00
49 миллион теңгенің алтынын әкеткен күдікті ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.11.2021, 11:42
Елордалық дәрігерлер Түркістанға келді

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30