Шет ауданы шетте қалмайды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

29.04.2022, 18:15

1900

Шет ауданы басты назарға алынуда. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек кеше осы өңірге арнайы жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен кездесті.

Халық аймақ басшысына өздерін толғандырған өзекті мәселелерді бүкпесіз жеткізді. Соның өзектісі, Ақсу, Қызылқой, Қызылтау, Ақбауыр, Еңбекшіл ауылын қоныстанушылар сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Дегенмен, осы проблемалардың жақын уақытта шешілетін түрі бар. Бүгінде аталған елді мекендердегі орталықтандырылған кәріз құрылысына қатысты жоба дайындалу үстінде. Дей тұрғанмен, бұдан өзге қадам -қадау қиындықтар жетіп артылады. Әр ауыл өкілдері өз мекендерінде жарықтың жиі сөніп қалатынын, орталықтандырылған сумен жабдықтауда келеңсіздіктер кездесетінін және интернет желісінде ақаулар жиі орын алатынын, тозығы жеткен көлік жолдардың жолаушыларға қауіп төндіріп тұрғанын жасырмай айтты.

Мемлекеттік бағдарламалар -ел игілігіне арналады

          Биылғы жылы Ақжал кентіндегі 19 ауылішілік жол орташа жөндеуден өтіп, асфальт төселеді.  Бұл-«Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша жасалатын жұмыс. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету-негізгі міндеттердің бірі екенін айтқан аудан әкімі Мұхит Мұхтаров:

-Шет ауданы бойынша былтыр 9 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Құрылыс қарқыны биыл да осал болмайды. Айта кетерлігі, Ақадыр кентінде 12 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы тәмамдалады,-деді.

Ауданда білім беру, денсаулық сақтау салаларымен қатар, кәсіпкерлікті ілгерлеудің  «бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 13 жоба іске асып, 119 адам жұмыспен қамтылған. Киікті ауылының балғындарына былтыр ерекше сый жасалды. Мұнда сыйымдылығы 150 оқушыға арналған мектеп пайдалануға берілді. Аудандағы орталық аурухана жанындағы инфекциялық бөлімшесіне, Ақадырдағы аурухана ғимаратына, сондай-ақ Өспен ауылындағы Мәдениет үйіне биыл  жөндеу жасалады. Бұл міндеттер 2023 жылы аяқталмақ. Шет өңірі ауыл шаруашылығымен басым шұғылданады. Қазіргі кезде, Красная поляна аулында 20 мың тонналық қойма құрылысы жүріп жатыр. 2021 жылы тұрғындардың өтінішіне орай,  Ақсу-Аюлы округінде мал сою алаңы салынды.

Облыс әкімі ауданға сапары кезінде ауылдықтарды жеке өтініші бойынша қабылдап, сала басшыларына халықтың шағым, ұсыныстарын шешуге тапсырма берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01